Еске алу кешіне дайындық жасайық!
Б. з. 33 жылдың 13 нисан күні еді. Иса сол күні кешке шәкірттерімен соңғы рет бас қосатынын білді. Сондықтан олармен Құтқарылу мейрамын атап өтіп, орнына жаңа бір мейрамды енгізбек болды. Қазір бұл мейрамды Иеміздің кешкі асы деп атаймыз. Мұндай маңызды жиынға дайындық шаралары жасалу керек болды. Сондықтан Иса алдын ала Петір мен Жоханды қалаға жіберді (Лұқа 22:7—13). Сол уақыттан бері мәсіхшілер де жыл сайын Еске алу кешін атап өтуге дайындық жасайды (Лұқа 22:19). Осы жылдың 3 сәуірінде өтетін Еске алу кешіне қандай шаралар алдын ала жасалу керек?
Жариялаушылар:
Еске алу кешіне шақыру науқанына барынша атсалысыңдар.
Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдардың, туыстарыңның, сыныптастар мен әріптестеріңнің және таныстарыңның тізімін жасап, оларды шақырыңдар.
Еске алу кешіне қатысты берілген Киелі кітап тармақтарын оқып, ой жүгіртіңдер.
Еске алу кешіне келгенде, басқаларды қарсы алуға дайын болыңдар.