Бір-бірімізді игі істер жасауға барынша қозғау салайық
Еврейлерге 10:24-те бір-бірімізді “сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыруымыз” керектігі жазылған. Біз өз үлгімізбен және сенімімізді паш ететін сөздермен басқаларға жақсы әсер ете аламыз. Мысалы, қауымдағы бауырластарға басыңнан өткерген жақсы оқиғаларды айтып бер. Сондай-ақ олар Ехобаға қызмет етуден көп қуаныш алатыныңды көре алсын. Алайда бауырластар өздерін жағымсыз сезініп қалмас үшін, оларды өзіңмен не басқа бауырластармен салыстырудан аулақ бол (Ғал. 6:4). Олар игі істерді өздерін кінәлі сезінгендіктен емес, сүйіспеншілік қозғау салғандықтан жасауына бар күшіңді сал (“Қызмет мектебі” кітабы, 158-б., 4-абз., қара.). Егер біз оларды сүйіспеншілікке талпындыратын болсақ, олар өзгелерге қаржылай көмектесу не уағыздау сияқты игі істер жасауға ынталы болады (Қор. 2-х. 1:24).