Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.15. 2-б.
  • Қызметіңде алға баса бер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызметіңде алға баса бер
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Мол жеміс беріңдер’
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Уағыз ісінде жетістіктерге қол жеткізе бер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Шәкірт дайындау үшін уағыздаңдар
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жеміс беру және Исаның досы болу
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
km 1.15. 2-б.

Қызметіңде алға баса бер

1. Бірінші ғасырдағы қандай мысалдардан қызметте алға басуымыз керектігі көрінеді?

1 Мәсіхшілер қызметте алға басып отырулары қажет. Сол себепті де Иса ізбасарларына уағыз ісінде қабілеттерін арттыруға көмектескен (Лұқа 9:1—5; 10:1—11). Сондай-ақ Ақила мен Прискила Аполлосты өздерімен бірге алып кетіп, “Құдай жолын дәлірек түсіндіріп берген” (Ел. іс. 18:24—26). Ал Пауыл тәжірибелі жариялаушы болған Тімөтені үйреткендерін қолдана беруге талпындырған. Осылайша оның “жетістіктері жұрттың бәріне анық көрінетін” еді (Тім. 1-х. 4:13—15). Ізгі хабардың жариялаушылары ретінде Иемізге қанша уақыт қызмет етсек те, уағыздау шеберлігімізді шыңдай беруіміз керек.

2. Басқалардан қалай үйренуге болады?

2 Басқалардан үйрен. Уағыздау шеберлігін шыңдай түсудің бір жолы — бауырластардан үйрену (Нақ. с. 27:17). Сондықтан басқа жариялаушылардың қалай ұсыныс айтқанына мұқият бол. Тәжірибелі жариялаушылардан кеңес сұра да, айтқандарын ден қойып тыңда (Нақ. с. 1:5). Адамға қайта барып сөйлесу, Киелі кітап зерттеу сабағын бастау не қызметтің басқа бір саласы саған қиын болып жүр ме? Олай болса, топ бақылаушысынан не тәжірибелі жариялаушыдан көмекті өзің барып сұра. Сондай-ақ қабілетіңді Ехобаның киелі рухы арттыратынын ұмытпай, үнемі дұға ет (Лұқа 11:13).

3. Біреу кеңес берсе, мұны сұрамаған болсақ та, не істеуіміз керек?

3 Біреу саған жақсаруға көмектесетін кеңес берсе, мұны сұрамаған болсаң да, ренжіме (Уағ. 7:9). Аполлос сияқты осындай көмекті кішіпейілділікпен әрі ризашылықпен қабыл ал. Бұл ақылдылыққа жатады (Нақ. с. 12:15).

4. Уағыздаушы ретінде алға басуымыздың басты себебін Иса қалай түсіндірді?

4 Алға басқанымыз Құдайды мадақтайды. Иса ізбасарларына қызметте алға басуға талпындыру үшін мысал келтірді. Ол өзін жүзім бұтасына, ал майланған ізбасарларын оның сабақтарына теңеген. Сосын ол Әкенің жеміс беретін әрбір сабақты “мол өнім берсін” деп тазартатынын айтты (Жох. 15:2). Жүзімдіктің иесі жүзім сабақтарының мол жеміс бергенін қалайтыны сияқты, Ехоба да біздің шеберлігіміздің шыңдалып, “аузымыздан шыққан сөзімізбен” жеміс әкелгенімізді қалайды (Евр. 13:15). Уағыздаушы ретінде неге алға басқымыз келеді? “Мол жеміс беріп, әрі менің шәкірттерім екендеріңді дәлелдесеңдер, Әкем мадақталады”,— деді Иса (Жох. 15:8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу