Ұсыныс үлгісі
Қазанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Біз көршілерімізбен мынадай тақырыпта қысқаша сөйлесіп жүр едік. Сіздің ойыңызша, зұлымдық пен әділетсіздікті жойып, барлық қиындықтарымызды шешіп бере алатын үкімет бар ма?” Жауабын күт. Үй иесіне кезінде Иса пайғамбар өз шәкірттерін Құдай Патшалығы деген үкіметтің орнауын сұрап дұға етуге үйреткені жайлы айтып бер. 1 қазан айындағы “Күзет мұнарасының” соңғы бетіндегі мақаланы көрсет те, бірінші сұрақтың астындағы мәліметті және, кем дегенде, бір жазба орнын бірге талқылаңдар. Ендігі жолы келесі сұрақты талқылауға келісіп ал.
“Күзет мұнарасы” 1 қазан
“Біз көршілермен кезінде Иса пайғамбар айтқан мына сөздер жайлы әңгімелесіп жүргенбіз. [Матай 6:9, 10 оқы.] Осындағы Құдай Патшалығының қандай патшалық екенін және неліктен оның келуін сұрауымыз керектігін білесіз бе? [Жауабын күт.] Осы журналда Құдай Патшалығы туралы Киелі кітапта не айтылғаны және оның адамзат үшін қандай игіліктер жасайтыны туралы айтылады”.