Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2014 жылдың 25 тамыздан басталатын аптада қарастырылады.
Леуіліктер 18:3-тегі сөздер дұрыс пен бұрысқа қатысты түсінікті бұрмаламауға қалай көмектеседі? (Ефес. 4:17—19). [7 шіл., w02 1.4. 30-б., 1-абз.]
Леуіліктер 19:2-де жазылған өсиеттен не нәрсеге үйрене аламыз және неге оған құлақ асуымыз керек? [7 шіл., w09-U 1.7. 9-б., 5-абз.]
Масақ теруге қатысты заңның астарындағы принциптен не нәрсеге үйрене аламыз? (Леу. 19:9, 10). [7 шіл., 06 1.7. 14, 15-б., 13-абз.]
Неге “көзге — көз” деген заң зардап шеккен адамды кек алуға талпындырмайды дей аламыз? (Леу. 24:19, 20). [14 шіл., w09 1.10. 24-б., 2, 3-абз.]
Қандай жағдайда қарызға ақша берген исраилдік өсімақы алмауы керек, ал қандай кезде алуына болатын еді? (Леу. 25:35—37). [21 шіл., w04 1.6. 32-б., 3-абз.]
Неге рулардың саны 13 болса да, Исраилдің 12 руы жайлы айтылады? (Ру. сан. 1:49, 50). [28 шіл., w08-U 1.7. 21-б.]
Руларды санау 8:25, 26-да қызмет жайлы жазылған нұсқаудан жасы үлкен кісілерді сыйлауға қатысты қандай сабақ ала аламыз? [11 там., w04 1.8. 30-б., 1-абз.]
Неге Мысыр құлдығынан керемет түрде босап шыққан исраилдіктер наразылық рухын дамытты және біз бұл оқиғадан қандай маңызды сабақ ала аламыз? (Ру. сан. 11:4—6). [18 там., w95-U 1.3. 16-б., 10-абз.]
Елдад пен Модад пайғамбарлық ете бастағанда, Мұсаның бұған қалай қарағанынан не нәрсеге үйренеміз? (Ру. сан. 11:27—29). [18 там., w04 1.8. 31-б., 3-абз.]
“Киімдерінің етектеріне арнап шашақтар жасау” туралы исраилдіктерге берілген нұсқаудың астарында қандай маңызды принцип жатыр? (Ру. сан. 15:37—39). [25 там., w04 1.8. 31-б., 6-абз.]