Веб-сайт туралы жаңа трактатты қолданайық
Бұл трактат “Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?” деп аталады. Оның соңғы бетінде өмірлік мәні бар сұрақтардың үшеуі келтірілген. Орайы келгенде, адамнан осы үш сұрақтың қайсысы қызық екенін сұра. Сөйтіп, жауабын алу үшін сайтымыздағы БАСЫЛЫМДАР/КІТАПТАР МЕН КІТАПШАЛАР деген жерді көрсет. Сол жерден ол “Құдай Патшалығы деген не? Құдай Патшалығы нені жүзеге асырады?” деген сұрақтарға да жауап таба алады.
Құдай Патшалығы орнататын керемет болашақ туралы Киелі кітапта не жазылғанын өзгелерге көрсету үшін осы трактаттың бір данасын өзіңмен алып жүр.