Ұсыныс үлгісі
“Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?”
Үй иесіне трактаттың тақырыбын көрсетіп, былай десең болады: “Сәлеметсіз бе! Біз сізге дүниежүзі бойынша таратылып жатқан маңызды хабарды айтуға келдік”. Трактаттың бірінші бетіндегі сұрақты оқып бер. Сосын jw.org сайтынан көбірек мәлімет алуға болатынын түсіндір. Сайттың мекенжайын үй иесіне ыңғайлы жолмен беруге болады.
Егер үй иесі қызығушылық білдірсе не әңгімелесуге ықылас танытса, трактаттың бірінші бетіндегі бірнеше жауабы бар сұраққа қатысты оның ойын сұрасаң болады. Трактатты ашып, Жохан 17:17-де не жазылғанын көрсет. Трактатта сұрақтарына Киелі кітапқа негізделген қанағаттандырарлық жауап табуға көмектесетін веб-сайт жайлы мәлімет бар екенін түсіндір. Мүмкіндік болса “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген бейнероликті көрсетуіңе болады. Кетпес бұрын трактаттың соңғы бетіндегі үш сұраққа назар аударып, олардың қайсысы оны қызықтыратынын сұра. Сол сұрақтың Киелі кітапқа негізделген жауабын jw.org сайтынан қалай табуға болатынын көрсету үшін қайта келе алатыныңды айт. Қайтып келгенде, сұрақтың жауабын БАСЫЛЫМДАР/КІТАПТАР МЕН КІТАПШАЛАР деген жерден оқып, қарастыр.
“Күзет мұнарасы” 1 тамыз
Демалыс күндері “Күзет мұнарасының” кезекті санына қатысты былай десең болады: “Сізді мына журналмен танысып шығуға шақырамыз. “Күзет мұнарасының” бұл санында “Құдай жеке сізге көңіл бөле ме?” деген сұрақ қарастырылады” [Журналдың жеке данасын алу үшін жақын маңдағы Патшалық сарайына келуге шақыр не jw.org сайтынан қалай жүктеп алуға болатынын түсіндір.].