Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейресми куәлік беру үшін әңгіме бастау
Бұл неліктен маңызды? Біз үйме-үй уағыздаған кезде жиі адамдардың көбісін үйлерінен таба алмаймыз. Алайда бұл адамдарды қоғамдық көлікте, дәрігерге кіру үшін кезекте тұрғанда, мектепте не жұмыста үзіліс болғанда және тағы басқа жағдайларда кезіктіре аламыз. Ехоба Құдай барлық адамдардың Патшалық жайлы хабарды естігендерін қалайды (Тім. 1-х. 2:3, 4). Сондықтан адамдарға куәлік беру мақсатымен әңгіме бастау үшін бірінші қадамды жиі өзіміз жасауымыз керек.
Осы айда былай етіп көр:
Әр аптада кем дегенде бір рет бейресми куәлік беру мақсатымен әңгіме бастауға тырыс.