Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2014 жылдың 30 маусымынан басталатын аптада қарастырылады.
Неліктен көңіл көтеру мен демалыс түрлерін таңдағанда Мысырдан шығу 23:2-де жазылған принципті ұстанған маңызды? [5 мам., w11 15.7. 10—12 б., 3—7 абз.]
Ехобаның бұйрығына сай, діни қызметкерлердің құрбандық ұсынар алдында жуынып-шайынғаны қаншалықты маңызды болған және бұл Құдайдың бүгінгі қызметшілері үшін қай жағынан үлкен ескерту болып табылады? (Мыс. ш. 30:18—21). [19 мам., w96-U 1.7. 9-б., 9-абз.]
Неліктен Һарон алтыннан жас бұқа мүсінін жасағаны үшін жазаға тартылмады? (Мыс. ш. 32:1—8, 25—35). [19 мам., w04 1.4. 31-б., 4-абз.]
Құдайдың исраилдіктерге басқа Құдайларға ғибадат ететіндермен неке құруға тыйым салғаны мәсіхшілердің кездесу мен үйленуге қатысты көзқарасына қалай әсер ету қажет? (Мыс. ш. 34:12—16). [26 мам., w90-U 1.4. 18, 19-б., 11—13 абз.]
Неге Беселиел мен Аһолияптың үлгісі бізді әсіресе жігерлендіреді? (Мыс. ш. 35:30—35). [26 мам., w10 15.9. 10-б., 13-абз.]
Бас діни қызметкердің сәлдесіндегі “бағышталудың белгісі” нені еске салған және бұдан біз бағышталуға қатысты нені үйренеміз? (Мыс. ш. 39:30). [2 маус., w01 1.4. 23-б., 2, 3-абз.]
Бауырластың ауыр күнә жасап қойғанын мәлімдеуге қатысты барлық мәсіхшілердің қандай жауапкершілігі бар? (Леу. 5:1). [9 маус., w97-U 15.8. 27-б.]
Ежелде исраилдіктер үшін татулық құрбандықтары қандай маңызды рөл атқарған және бұл шара бүгінде біз үшін нені бейнелейді? (Леу. 7:31—33). [16 маус., w12 15.1. 19-б., 11, 12-абз.]
Һаронның ұлдары Надаб пен Әбиһу қандай күнә жасаған болуы мүмкін және біз бұдан қандай сабақ аламыз? (Леу. 10:1, 2, 9). [23 маус., w04 1.6. 30-б., 6—8 абз.]
Неге босанған әйел “таза емес” болып саналған? (Леу. 12:2, 5) [23 маус., w04 1.6. 31-б., 1-абз.]