Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.13. 4—6 бет.
  • Қызметте болған оқиғалар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызметте болған оқиғалар
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ұқсас мәлімет
  • “Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасын қалай қолданамыз?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Жаңа кітапшаны таратамыз
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Мына кітапшаларды қолданып жүрсің бе?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” кітапшасын қолданудың бір жолы
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
km 12.13. 4—6 бет.

Қызметте болған оқиғалар

◼ Австралия. Джон есімді жоғарғы білімді кісі бала кезінде шіркеуге баратын, бірақ кейіннен “қайтпас атеист” болып кетеді. Бір ізашар оған “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” кітапшасын, ал келесі барғанда “Тіршіліктің бастауы” кітапшасын қалдырып кетеді. Ізашар Джонның қызығушылығын арттыру үшін оған журналдардың соңғы сандарын әкеліп, ондағы жаратылыс не Киелі кітаптағы пайғамбарлықтар жайлы жазылған мақалаларды көрсетіп тұрады. Джон дайын болды-ау дегенде, бауырлас оған “Киелі кітап. Құдайдың сөзі ме, әлде адамның ба?” деп аталатын кітапты береді. Кітапты оқып болғаннан кейін Джон көзқарасының “агностиктердікіне жақын” бола бастағанын айтады. Сосын ізашар оған “Киелі кітап үйретеді” кітабының 20-бетіндегі 8-абзацты және 23, 24-беттеріндегі 13—16 абзацтарын көрсетеді. Онда келтірілген жазба орындары Джонға әсер еткені сонша — ол “Маған Киелі кітапты тағы да оқып көру керек шығар” деп айтады.

◼ Мексика. Бір ер кісі “Киелі кітаптың Құдай рухының жетелеуімен жазылғанына сенбеймін” дегенде, жариялаушы мұны дәлелдегісі келетінін айтады. Бірнеше рет әңгімелескеннен кейін Киелі кітаптан білгендері оның жүрегіне жете бастайды. Әсіресе Құдайдың нормалары жайлы білгені оған қатты әсер етеді. Бұл кісі жариялаушыға былай деді: “Мен алғаш рет сенімен Киелі кітапты оқығанда, ондағы кеңестер кез келген басқа кітапта кездесетіндей көрінді әрі маған еш әсер етпеді. Бірақ қазір Киелі кітапты оқығанда ондағы кеңестер, әсіресе құлықтылыққа қатысты өсиеттер менің ар-ұжданыма әсер етеді”.

◼ Құрама Штаттар. Куәгер ерлі-зайыпты ірі қалаларда уағыздаудың арнайы түріне қатысып жүргенде, Құдайға сенетін, бірақ Киелі кітапты батыстың кітабы деп ойлайтын Тайваннан келген бір әйелді кездестіреді. Әлгі әйел бақуатты тұрса да, өмірінің мәні жоқ сияқты сезінген екен. Киелі кітап өмірдің мағынасын табуға көмектесер деп үміттенген ол ерлі-зайыптының әдебиеттер қойылған арбасына жақындайды. Содан ерлі-зайыпты “Киелі кітап үйретеді” кітабымен қатар “Баянды бақыт пен бейбітшілікке қалай қол жеткізуге болады?” кітапшасын қолданып, онымен зерттеу сабағын бастайды. Кітаптың 2-тарауын зерттеудің орнына, олар кітапшадағы “Күллі адамзаттың пайдасы үшін берілген басшылық” деп аталатын тақырыпты талқылайды. Тақырыптың алғашқы алты абзацын қарастырғаннан кейін, әлгі әйел Киелі кітаптың басқа діни кітаптармен салыстырғанда өте ерекше кітап екенін айтып таңғалады. Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардың қалай орындалғанын қарастырған соң, ол “Киелі кітап сияқты осыншалықты тура жазылған басқа ешқандай кітапты білмеймін!” деп айтады.

◼ Жапония. Үй иесі Құдайға сенбейтінін айтса да, жариялаушы онымен “Ояныңдар!” журналының “Мұны кім ойластырған?” деген айдардағы ойлармен бөлісіп, қысқаша сөйлесіп тұрады. Уақыт өте келе бұл кісі өз көзқарасын өзгертіп, Жаратушының болуы мүмкін екендігімен келісе бастайды. Қазір ол Құдайдың бар екеніне сенеді, әрі жариялаушымен “Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасының көмегімен зерттеу сабағын өтіп жүр.

◼ Канада. Бір әйел үйінен шығып, көлігіне қарай бара жатқанда, әйел бауырласымыз ұсынған журналдардың жаңа сандарын алады. Кейінірек бауырласымыз оған қайтып барғанда, ол мұндай нәрселерге еш қызықпайтынын және Құдайға сенбейтінін кесіп айтады. Бұған қарамастан бауырласымыз оған “Қанағаттандырарлық өмір. Оған қалай қол жеткізуге болады?” кітапшасын беруді шешеді. Бауырласымыз әлгі әйелге келесі рет барғанда, Құдайға сенбейтінін білсе де, жалғыз басты ана болғандықтан, ол туралы ойлағанын айтады. Ол әйелге тиімді кеңесті қайдан табуға болатыны талқыланатын кітапшаның 4-бетіндегі 6-абзацты көрсетеді. Сосын оны балаларды тәрбиелеуге қатысты кітапшаның 2-тақырыбында жазылған кеңестерді оқуға талпындырады. Ақырында әлгі әйел кітапшаны қуана-қуана алады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу