Ұсыныс үлгісі
Қазанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Бүгін көршілеріңізбен қысқаша сөйлескен едік. Олар үшін өмірлеріндегі ең ауыр жағдай сүйікті адамдарын жоғалту екенін айтты. Бәріміз үшін де бұл оңай емес, келісесіз ғой?! [Жауабын күт.] Мына бір жұбаныш беретін сөздерге көңіл бөліңізші”. [1 қазандағы “Күзет мұнарасының” соңғы бетін көрсетіп, бірінші сұрақтың жауабын және кем дегенде бір тармақты қарастыр. Соңында келесі сұрақты талқылау үшін қайта келуге келіс.]
“Күзет мұнарасы” 1 қазан
“Біз адамдардың назарын Киелі жазбаларға аударып жүрміз. Кейбіреулерге бұл кітап қызық болса, басқаларды қызықтырмайды. Сіз осы кітапты көргенсіз бе? [Жауабын күт.] Қараңызшы, Киелі жазбалар мына нәрсені нық айтады. [Салоникалықтарға 1-хат 2:13-ті оқы.] Киелі жазбалар Құдайдан түскен кітап болса, оны оқу керектігімен келісетін шығарсыз. Қараңызшы, мына журналда Киелі жазбаларда жалпы не баяндалатыны және бұл кітап несімен ерекше екені жазылған”.