“Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?”
1. “Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?” деген кітапшаны қашаннан бастап талқылаймыз және мұның қандай пайдасы бар?
1 Қарашаның 26-сынан басталатын аптада “Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?” деген кітапша қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуінде талқыланатын болады. “Жүрегіңді таза сақта” атты облыстық конгресте жарық көрген аталмыш кітапша Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарды Ехобаның ұйымына бағыттауға арналған. Талқылау барысында осы ұйымның мүшесі болғанымызға ризашылығымыз артады, сондай-ақ қызметке арналған керемет құралмен жақсырақ танысуға да мүмкіндік болады (Заб. 47:14).
2. Кітапшаны қауымда қандай тәртіппен зерттейміз?
2 Зерттеудің өту тәртібі. Зерттеуді жүргізетін бауырлас әр сабаққа жеткілікті уақыт бөлінуін қадағалауы керек. Алдымен, ол сұрақ түрінде жазылған тақырыпты оқиды. Бұдан кейін оқитын бауырласты кіріспе абзацты оқуға шақырады. Сосын осы абзацқа дайындап келген сұрағын қояды. Бауырластар жауап берген соң, қалың қаріпті сөйлемдермен басталатын тақырыпшалар бөлек-бөлек оқылып талқыланады. Бір тақырыпша оқылып біткеннен кейін, жүргізуші бауырлас оқылған мәліметтің басты тақырыпта жазылған сұраққа қалай жауап беретінін сұрайды. Сондай-ақ кітапшада көптеген суреттер бар. Қатысушылар бұлар жайында да өз ойларын айта алады. Уақыт жетіп жатса, негізгі тармақтарды оқуға болады. Келесі сабаққа көшпес бұрын, жүргізуші бауырлас сабақтың төменгі жағындағы сұрақтарды қойып, бір шолу жасап өтеді. “Көбірек білгіңіз келсе” деген қоршау кездессе, оқуға тағайындалған бауырлас оны оқиды. Сосын жүргізуші сондағы кеңеске құлақ асудың зерттеушілер үшін қандай пайдасы бар екенін сұрайды. Кездесудің соңында уақыт қалып жатса, сабақтардың негізгі тақырыптарын қолданып, шолу жасауға болады. Зерттеудің мұндай әдісін қызығушылармен Киелі кітап зерттеу сабағында қолданудың қажеті жоқ.
3. Жаңа кітапшаны зерттеудің толық пайдасын көру үшін не істеу керек?
3 Бұл кітапшаның толық пайдасын көру үшін, кездесуге жақсы дайындалып келгенің дұрыс. Түсініктеме беруге тырыс. Талқылау барысында оқылған мәліметтің зерттеушіге тигізетін пайдасы туралы ойлан. Біз басқа да адамдардың бізбен бірге Ехобаның еркін орындап, мәңгі өмірге үміттері болғанын қалаймыз. Бұл орайда осы жаңа кітапшаны талқылаудың көмегі зор болмақ! (Жох. 1-х. 2:17).