Бейімделуге дайынсың ба?
1. Дүниедегі өзгерістер бізден нені талап етеді?
1 Қорынттықтарға 1-хат 7:31-де осы дүние әртістері мен қойылымдары үнемі өзгеріп отыратын сахналық көрініске теңелген. Сондықтан дүниедегі өзгерістер бізден уағыздау тәсілдерімізді, қызметке қатысты жоспарымызды және қолданатын ұсыныстарымызды өзгертіп отыруды талап етеді. Ал сен бейімделуге дайынсың ба?
2. Ұйыммен қатар жүру үшін неліктен бейімделгіш болуымыз қажет?
2 Уағыздау тәсілдеріміз. Құдайдың қызметшілері бейімделуге әрдайым дайын. Мысалы, алғашында Иса шәкірттерін уағыздауға жібергенде, оларға жолға ақша салатын бел қалталар мен тамақ салатын дорбалар алмаңдар деп нұсқау берген еді (Мат. 10:9, 10). Алайда кейіннен Иса бұл нұсқауларын өзгертті, себебі шәкірттерді алда қуғын-сүргін күтіп тұрған болатын әрі уағыз ісі кең таралу керек еді (Лұқа 22:36). Өткен ғасырда Ехобаның ұйымы түрлі уағыздау тәсілдерін, атап айтқанда, куәлік беруге арналған парақшаларды, радионы, дауысзорайтқыш орнатылған көліктерді қолданған. Бұл тәсілдер сол уақыттары тиімді болатын. Ал бүгінде көп аймақтарда адамдарды үйлерінен табу қиын болғандықтан, үйме-үй уағыздаумен қатар, көпшілік орындарында әрі бейресми куәлік етуге көп көңіл бөлінуде. Сондай-ақ адамдар күні бойы жұмыста болғандықтан, біз учаскемізге кешқұрым баруға шақырыламыз. Ехобаның көктегі күймесі өз бағытын өзгертіп отырғанда, сен онымен қатар жүресің бе? (Езек. 1:20, 21).
3. Бейімделгіш болғанымыз аймағымыздағы адамдарға тиімді куәлік етуге қалай көмектеседі?
3 Қолданатын ұсыныстарымыз. Қазіргі уақытта аумағыңдағы адамдарды не мазалайды? Қаражат мәселесі ме? Отбасы ма? Әлде қылмыстың көбейіп кеткені ме? Аймағымызда болып жатқан қиыншылықтар мен көпшілікке танымал жағдайлар жайлы біліп жүргеніміз адамдарға қызықты болатын ұсыныстар дайындауға көмектеседі (Қор. 1-х. 9:20—23). Ал үй иесі өз ойын айтқанда әдеттегідей жауап берудің не дайындап келген ұсынысымызды айта салудың орнына, оны мазалап отырған мәселе жайлы сөйлесіп, бейімделгеніміз әлдеқайда тиімді болмас па еді?!
4. Неліктен бейімделуге дайын болуымыз керек?
4 Өте жақын арада осы дүниенің соңғы “көрінісі” өз мәресіне жетіп, зор алапат басталады. “Уақыт аз қалды” (Қор. 1-х. 7:29). Олай болса, осы аз қалған уақыттың ішінде көп нәрсені атқара алуымыз үшін, өзгерістерге бейімделіп отырғанымыз әрі мұны кідірместен істегеніміз қаншалықты маңызды десеңші!