Тәлім бергенде бейнефильмдерді қолдан
Ехоба Ыбырайым мен Еремияға маңызды хабарын тек сөзбен ғана емес, көрнекі құралдарды қолданып та жеткізген (Жар. 15:5; Ерм. 18:1—6). Біз де зерттеушілерімізге Киелі кітаптағы шындықты түсініп, пайдасын көрулері үшін, бейнематериалдар сияқты көрнекі құралдар қолдана аламыз. Төменде кейбір бейнефильмдерді қай кезде қолдануға болатыны көрсетілген. Бұл жай ғана ұсыныс екенін есте ұста, өйткені әр зерттеушінің қажеттілігі әртүрлі.
“Киелі кітап үйретеді” кітабы
◻ 1-тарау. 17-абзацтан кейін “Ғажайып жаратылыстар Құдайдың даңқын паш етеді” (ор.) бейнефильмін көріңдер.
◻ 2-тарау. Тараудың соңында “Киелі кітап. Ең көне заманауи кітап” бейнефильмін көріңдер.
◻ 9-тарау. 14-абзацтан кейін “Ехоба куәгерлері. Ізгі хабарды жариялау үшін ұйымдасқан” бейнефильмін көріңдер.
◻ 14-тарау. Тараудың соңында “Киелі кітап. Адам өмірін өзгерте алады” деп аталатын бейнефильмді қараңдар.
◻ 15-тарау. 10-абзацтан кейін “Біздің дүниежүзілік бауырластығымыз” бейнефильмін көріңдер.
“Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабы
◻ 3-тарау. 15-абзацтан кейін “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуға болады?” (ор.) деген бейнефильмді көріңдер.
◻ 4-тарау. Тараудың соңында “Ехобаның билігін құрметтеңдер” (ор.) деген бейнефильмді қараңдар.
◻ 7-тарау. 12-абзацтан кейін “Қаннан бас тарту. Медицина көзқарасын өзгертуде” (ор.) бейнефильмін көріңдер.
◻ 9-тарау. 6-абзацтан кейін “Құдайдың бүгінгі қызметшілеріне ескерту болатын мысалдар” (ор.) деген бейнефильмді қараңдар.
◻ 17-тарау. Тараудың соңында “Көргеніңмен емес, сеніміңмен өмір сүр” деген бейнефильмді қараңдар.
Зерттеушілеріңе көмек болатын басқа қандай бейнефильмдер бар? Мысалы, қарсылықтарға кезігіп жүрген адамдардың “Сынақ кезінде адалдық сақтағандар. Кеңес Одағындағы Ехоба Куәгерлері” (ор.) не “Ехоба куәгерлерінің нацизм алдындағы батылдығы” (ор.) деген бейнефильмдерді көргенде жігерленуі мүмкін. Ал “Құдайға даңқ әкелетін мақсаттарға ұмтыл” (ор.) әрі “Жастардың сауалдары. Өмірімді неге арнауыма болады?” (ор.) деп аталатын бейнефильмдерден жастар көп нәрсеге үйрене алады. Бейнефильмдерді зерттеушіңе қай кезде көрсете алатыныңды не оған қалдырып кете алатыныңды ұмытпауың үшін, “Киелі кітап үйретеді” және “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітаптарыңа белгілеп қой. Жаңа бейнефильм шыққан кезде, Киелі кітап зерттеушілерінің жүректеріне әсер ету үшін оны қалай қолдана алатының жайлы ойла (Лұқа 24:32).