Ұсыныс үлгісі
Қазанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Көп адам Құдай әйтеуір бір күні адамдарды істеріне қарай соттайтынына сенеді. Сіздің ойыңызша, сол күнді асыға күтуіміз керек пе, әлде одан қорқуымыз керек пе? [Жауабын күт.] Қараңызшы, мына жерде былай делінген”. [“Күзет мұнарасының” 2012 жылғы қазан—желтоқсан айының журналын көрсетіп, 16-беттегі бірінші тақырыпшаны және кем дегенде бір жазба орнын бірге қарастырыңдар. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
“Күзет мұнарасы” Қазан—желтоқсан
“Біреулер кереметтерге сеніп жатса, басқалары үшін бұл ертегі сияқты. Сіздің ойыңызша, кереметтер шынымен бола ма? [Жауабын күт.] Болашақта кереметтердің болатыны жайлы мына бір уәде көп адамға үміт беруде”. [9, 10-беттердегі бір жазба орнын оқы. Алғашқы мақалаларды қолданып, тақырыпқа сай келетін ойларды талқыла және қайта келуге келіс.]