Ұсыныс үлгісі
Қыркүйектің бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Өткен жолы мен сізге Киелі кітаптан Құдайдың есімін көрсеткен болатынмын. Құдайдың Ехоба деген есімін білу және қолдану оған мінажат етуіміздің маңызды бөлігі болып табылады”. [Марқа 12:29, 30 оқы. Сосын шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасының” 16, 17-беттеріндегі мақаладағы ойларды талқыла. “Киелі кітап үйретеді” басылымының көмегімен зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсет.]
Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу
“Біз қандай да бір қиындықтарға кезіккенде жиі өзімізді дәрменсіз сезініп жатамыз, тіпті әрі қарай өмір сүру мүмкін еместей көрінер. Осындай кезде сіз кімнен көмек іздейсіз?” [Тімөтеге 2-хат 3:16-ны талқыла. Шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасының” 21—23 беттеріндегі “Мүмкін емес жайттардың болуы мүмкін бе?” деп аталатын мақаладағы ойларды қолдан.]