Ақыл-ойыңды сақта
1. 2013 қызмет жылында болатын аудандық конгресс қалай аталады және оның мақсаты қандай?
1 Иса шәкірттеріне Ехобаны шын жүректен, бүкіл жан-тәндерімен және ақыл-ойларымен сүюді үйреткен (Мат. 22:37, 38). Алда болатын облыстық, аудандық және арнайы бір күндік конгрестер бізге ішкі болмысымызды нығайтуға көмектесу үшін ұйымдастырылды. Естеріңде болса, облыстық конгресс “Жүрегіңді таза сақта!” деген тақырыппен өтті. 2013 қызмет жылының арнайы бір күндік конгресінің тақырыбы “Ар-ұжданыңды таза сақта” деп аталады. Ал келесі айдан бастап өтетін аудандық конгрестің тақырыбы Матай 22:37-ге негізделіп, “Ақыл-ойыңды сақта” деп аталмақ. Бұл бағдарлама әрқайсысымызға ойларымызды Ехобаға ұнамды ете түсу үшін оларды тексеруге көмектеседі.
2. Бағдарлама барысында қандай сұрақтардың жауабын іздегеніміз жөн?
2 Бағдарламада не қарастырылады? Аудандық конгрестің бағдарламасын тыңдай отырып, негізгі ойларды ашатын мына сұрақтардың жауабын іздегеніміз жөн:
• “Адам ойларының” біздің ой-санамызға әсер етпеуі үшін не істеуіміз керек?
• Адамдардың санасын жауып тұрған пердені қалай алып тастай аламыз?
• Біздің ой қалпымыз қандай болу керек?
• Дұрыс ой жүгіртудің қандай пайдасы бар?
• Ехобаның біздің ой-санамызды қалыптастыруына қалай жол бере аламыз?
• Күйеулер, әйелдер, ата-аналар және балалар отбасының бақытты болуына қалай үлес қоса алады?
• Қалай біз Ехобаның күніне дайын бола аламыз?
• Ақыл-ойымызды іс-әрекетке дайын ұстау деген нені білдіреді?
• Білгендерін іс жүзінде қолданатындар қандай баталар көреді?
3. Конгрестің екі күніне қатысу, ден қойып тыңдау және айтылғандарды қолдану неліктен маңызды?
3 Шайтан біздің ой-санамызды жаулап алу үшін және оны бұзу үшін күресіп жатыр (Қор. 2-х. 11:3). Сондықтан ақыл-санамызды қорғап, ойларымызды қадағалап отыру қажет. Мәсіхтің ой-санасын танытуды жалғастырып, заңсыздық жайлаған осы дүниенің ықпалына қарсы күресуіміз керек (Қор. 1-х. 2:16). Олай болса, аудандық конгрестің екі күніне де қатысу үшін қам жаса. Бағдарламаны ден қойып тыңда. Айтылатын құнды кеңестерді қолданғанымыз ақыл-ойымызды Патшалық ісіне құлшыныспен атсалысу үшін дайын ұстауға көмектеседі (Пет. 1-х. 1:13).