Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 8.12. 1-б.
  • Ар-ұжданыңды таза сақта

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ар-ұжданыңды таза сақта
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Ұқсас мәлімет
  • Ар-ұжданыңды қалай таза сақтай аласың?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ар тазалығы Құдай алдында бағалы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Ар-ұжданымды қалай тәрбиелесем болады?
    Жастардың сауалдары
  • Ар-ұжданың сенімді бағыт-бағдар бере ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
km 8.12. 1-б.

Ар-ұжданыңды таза сақта

1. 2013 қызмет жылында өтетін арнайы бір күндік конгресс қалай аталады және бағдарламаның мақсаты қандай?

1 Біз күн сайын ар-ұжданымыздан аттап кетуге итермелейтін жағдайларға кезігіп жатамыз. Сол себепті осы жылдың 1 қыркүйегінен басталатын 2013 қызмет жылында өтетін арнайы бір күндік конгрестің тақырыбы “Ар-ұжданыңды таза сақта” деп аталады (Тім. 1-х. 1:19). Конгресс бағдарламасы әрқайсысымызға Жаратушымыз берген бұл керемет сыйды қалай қолданып жүргенімізге мұқият ден қоюға көмектесу үшін дайындалған.

2. Бағдарлама барысында қандай маңызды сұрақтардың жауабы қарастырылады?

2 Конгресте келесі ойларға назар аудар. Бағдарламада ар-ұжданға қатысты жеті негізгі сұраққа жауап беріледі:

• Ар-ұжданымызға нендей нәрселер қауіп төндіруі мүмкін?

• Ар-ұжданымызды қалай тәрбиелей аламыз?

• Ешкімнің қаны мойнымызда болмау үшін не істеуіміз керек?

• Киелі кітап принциптері жайлы ойланғанымыздан және оларды қалай қолданатынымыздан біз туралы не білуге болады?

• Ар-ұжданға қатысты мәселелерде өзгелердің сезімін жаралаудан қалай аулақ бола аламыз?

• Жастар, бұрыс нәрсені істеуге қысым жасалғанда, оған берілмеуге сендерге не көмектеседі?

• Киелі рухтың жетегіндегі ар-ұждандарына сай әрекет ететіндер қандай баталарға ие болады?

3. Конгресс бағдарламасының бізге тигізер пайдасы қандай?

3 Ехобаның көмегімен біз Шайтанның ар-ұжданымызды арамдауға тырысып жатқан талпыныстарына төтеп бере аламыз. Өзінің Сөзі мен ұйымы арқылы көктегі сүюші Әкеміз бізге: “Жол мынау, сонымен жүріңдер!”— деп айтуда (Ишая 30:21). Бұл бағдарлама — Ехобаның осындай басшылық беріп жатқанының бір көрінісі. Сондықтан бағдарламаның барлық бөлігіне қатыса алу үшін қам жасағаның дұрыс. Айтылғандарға мұқият ден қойып, оларды жеке өзің қалай қолдана алатының жайлы ой жүгірт. Бағдарламаны отбасыңмен бірге талқыла. Берілген нұсқауларды орындағанымыз әрі қарай да “ар-ұжданымызды таза сақтауға” күш береді және Шайтанның дүниесінің өткінші рақатына елігіп кетпеуге көмектеседі (Пет. 1-х. 3:16).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу