Уағыздауымыз керектігінің 12 себебі
Біз не себепті ізгі хабарды үйден үйге уағыздаймыз және Киелі кітап зерттеушілерге тәлім береміз? Ең алдымен ақжүрек адамдарға өмір жолымен жүруге көмектесу үшін бе? (Мат. 7:14). Бұл төменде келтірілген тізімдегі себептердің біріншісі болғанымен, ең бастысы емес. Уағыздау ісіне атсалысуымыздың мына 12 себебінің ішіндегі қайсысы ең бастысы деп ойлайсың?
1. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі (Жох. 17:3).
2. Бұл зұлым адамдарға ескерту болып табылады (Езек. 3:18, 19).
3. Бұл Киелі кітаптағы пайғамбарлықтың орындалуына септігін тигізеді (Мат. 24:14).
4. Бұл — Құдайдың әділдігінің көрінісі. Ешкім де Ехоба зұлымдарға теріс жолдарынан қайтуға мүмкіндік берместен оларды жойып жіберді деп айта алмайтын болады (Ел. іс. 17:30, 31; Тім. 1-х. 2:3, 4).
5. Бұл бізге Исаның қанымен төлемдері өтелген адамдарға рухани жағынан көмектесу борышымызды орындауға мүмкіндік береді (Рим. 1:14, 15).
6. Бұл бізге ешкімнің қанын мойнымызға жүктемеуге көмектеседі (Ел. іс. 20:26, 27).
7. Бұл өзіміздің құтқарылуымыз үшін қажет (Езек. 3:19; Рим. 10:9, 10).
8. Бұл жақынымызға деген сүйіспеншілігімізді паш етеді (Мат. 22:39).
9. Бұл біздің Ехоба мен оның Ұлына мойынсұнатынымызды көрсетеді (Мат. 28:19, 20).
10. Бұл — ғибадатымыздың бір бөлігі (Евр. 13:15).
11. Бұл Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді көрсетеді (Жох. 1-х. 5:3).
12. Бұл Ехобаның есімі киелі тұтылуына септігін тигізеді (Ишая 43:10—12; Мат. 6:9).
Әрине, уағыздау ісіне қатысып жүргеніміздің себептері осы ғана емес. Мысалы, уағыздау арқылы біз сенімімізді нығайтамыз әрі бұл бізге Құдаймен қызметтес болуға ерекше мүмкіндік береді (Қор. 1-х. 3:9). Дегенмен біздің қызметке атсалысуымыздың ең басты себебі 12-ші болып табылады. Адамдар бізді тыңдасын-тыңдамасын, қызметіміз арқылы біз Құдай есімінің киелі тұтылуына үлес қосамыз, әрі осының арқасында Ехоба өзін қорлағанға жауап бере алатын болады (Нақ. с. 27:11). Иә, “ізгі хабарды жариялауды және тәлім беруді доғармауға” бізде келелі себептер бар (Ел. іс. 5:42).