Ұсыныс үлгісі
Маусымның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
Лұқа 4:8 оқы. Сосын былай де: “Осы сөздерден Құдайдың есімі бар екенін көреміз. Қалай ойлайсыз, Құдайдың есімін қолдану маңызды ма?” [Жауабын күт. Шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасының” 16-бетіндегі алғашқы абзацын талқыла. Соңында қайта келуге келісіп ал.]
Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу
“Бүгінде белгілі бір тақырыпқа қатысты мәлімет табу оп-оңай. Алайда өмірде жетістікке жетіп, бақытты болуға көмектесетін құнды кеңестерді қайдан таба аламыз?” [Жауабын күт. Сосын Тімөтеге 2-хат 3:16, 17 оқы. Шілде—қыркүйек айларындағы “Күзет мұнарасының” кіріспе мақалаларындағы ойларды қолдана отырып, Киелі кітаптың ерекше кітап екенін түсіндір.]