Ұсыныс үлгісі
Мамырдың бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Қалай ойлайсыз, дін сүйіспеншілік пен бейбітшілікке қозғау сала ма, жоқ әлде жеккөрініш пен зорлық-зомбылыққа түрткі бола ма? [Жауабын күт.] Кейбір адамдар не себепті дінді өзгелерге қиянат келтіру үшін қолданады деп ойлайсыз? [Қорынттықтарға 2-хат 4:3, 4 оқы.]” [Сосын, “Күзет мұнарасының” (ор.) 1 мамырындағы санының 16-бетіндегі ойларды қолдан.]
Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу
“Біз жолыққан адамдардың көбісі бір кездері әділетсіздіктің құрбаны болған екен. Қалай ойлайсыз, әділетсіздіктің ақыры келе ме? [Жауабын күт.] Мына жазба орнында әділетсіздікті жоятын билеуші жайлы айтылған. [Забур 71:11—14 оқы.]” [Киелі кітаптағы болашағымызға қатысты уәделерге назар аудар. (“Ояныңдар!” (ор.) журналының мамыр айындағы санын қара.)]