“Ғажайып жаратылыстар Құдайдың даңқын паш етеді”
Адамдардың көбі жаратылыстарға тамсана қарайды. Алайда осы жаратылыстар Ұлы Жаратушымыздың сезімдері мен ой-ниетін паш ететінін екінің бірі аңғара бермейді (Рим. 1:20). Ертеде Дәуіт Ехобаны оның рухтандырылған Сөзі арқылы танып-білген. Сондай-ақ ол Ехобаны жаратылыстары арқылы көріп, оған жақындай түскен (Заб. 8:4, 5). “Ғажайып жаратылыстар Құдайдың даңқын паш етеді” деп аталатын бейнефильм бізге, балаларымызға және Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарға Ехобаның жаратылыстарына тереңірек үңіліп, Ұлы Жаратушымыздың қасиеттерін, болмысын көруге көмектеседі, осылайша оған жақындата түседі. Бұл бейнефильмді көріп болған соң, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көр.
1) Ғаламның көлемі мен орналасу тәртібі біздің Ехобаға деген қастерлі сезімімізді қалайша арттыра түседі? (Ишая 40:26). 2) Судың құрылымына үңіле қарайтын болсақ, оның Құрастырушысы жайлы не білеміз? (Аян 14:7). 3) Жердің көлемі мен оның Күнмен арақашықтығы қалайша Ехобаның даналығын паш етеді? 4) Ай қандай қызмет атқарады? (Заб. 89:37 ЖД). 5) Ехоба қалайша адамды өмірден қуаныш алатындай етіп жаратты? 6) ДНҚ деген не? (Заб. 138:16). 7) Адамды Ехобаның өзге жаратылыстарынан не ерекшеліндіреді? (Жар. 1:26). 8) Сен жаңа дүниеде нені көруді аңсайсың?
Қосымша бөлім. 9) Әртүрлі түстер қалай түзіледі? 10) Су қалайша тартылыс күшін жеңіп, ағаш діңімен көтеріледі? 11) Су адамның ағзасында қандай рөл атқарады? 12) Түрлі тіршілік иелері қалай өзара бірігіп өмір сүретініне мысал келтір. 13) Жаратылыстар өзара бірігіп өмір сүруді қайдан біледі? 14) “Алтын қима” деген не және ол табиғаттан қалай көрініс табады?
Ехобаның жаратылыстарына “назар салыңдар”. Иса бізді “әуеде ұшқан құстарға назар салуға” және “даладағы лалагүлдердің қалай өсетінінен сабақ алуға” шақырған (Мат. 6:26, 28). Осылай істегеніміз сенімімізді нығайтып, Жаратушымызға арқа сүйеуге талпындырады, сондай-ақ Ехобаның даналығына, құтқарушы күшіне және сүйіспеншілігіне деген ризашылығымызды арттырады. Осы дүниенің істеріне тым көп алаңдаудың орнына, уақыт бөліп, Ехобаның ғажайып жаратылыстарына назар салуға тырыс. Сонымен қатар олар Құдайымыз жайында нені паш ететіні жайлы ой жүгірт (Заб. 18:2).