Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2012 жылғы 27 ақпаннан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2 қаңтардан басталатын апта мен 27 ақпаннан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Ұлттар қандай “іске аспайтын жоспар” құрып жатыр? (Заб. 2:1, 2). (w06 1.6. 7-б.)
2. “Таза алтынның тәжі” деген нені білдіреді? (Заб. 20:4). (w06 1.6. 8-б.)
3. Дәуіттің өзін Ехоба тастап кеткендей сезінуіне не себеп болуы мүмкін? (Заб. 21:2, 3). (w06 1.6. 8-б.)
4. Қалай Дәуіт сияқты, бейнелеп айтқанда, біз де Ехобаның “құрбандық шалатын жерін күтіп ұстай [“айналып жүре”, ЖД]” аламыз? (Заб. 25:6). (w06 1.6. 9-б.)
5. Ехобаның “дуалы сөздерінің рухы [“аузының лебі”]” деген не? (Заб. 32:6). (w06 1.6. 10-б.)
6. “Қыздың құрбылары” кімдерді бейнелейді? (Заб. 44:15ә, 16). (w06 1.6. 30-б.)
7. Қай мағынада “[Патшаның] аталарының орнын ұлдары баспақ? (Заб. 44:17). (w06 1.6. 30-б.)
8. Құдайдың бар екенін жоққа шығаратын адам қай мағынада “ақылсыз” болғаны? (Заб. 52:2). (w06 1.6. 30-б.)
9. Зұлымдар қалайша жыланға ұқсайды? (Заб. 57:4—6). (w06 1.6. 31-б.)
10. “Қамыстағы аңдарды жуасыт” деген өтініш нені білдіреді? (Заб. 67:31). (w06 1.6. 32-б.)