Ұсыныс үлгісі
Ақпанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Қалай ойлайсыз, Құдайдың талаптарын орындауға тырысатын адамдар әлдеқайда бақытты ма? [Жауабын күт.] Мына мақалада осыған қатысты біраз қызықты ойлар бар”. [“Күзет мұнарасының” қаңтар—наурыз айларындағы санын үй иесінің қолына ұстат та, 16, 17-беттердегі тақырыпшалардың бірін оқып, бірге талқылаңдар. Кем дегенде бір жазба орнын оқып бер. Журналды қалдырып, келесі сұрақтың жауабын қарастыру үшін қайта келуге келісіп ал.]
Күзет мұнарасы қаңт.—наур.
“Көп адам жақында Жер жойылады деп ойлайды. Кейбіреулердің ойынша, бұл тіпті 2012 жылы болмақ. Ал сіз бұл жөнінде не ойлайсыз? [Жауабын күт.] Киелі кітапта Құдайдың Жерді адамдар мекендеу үшін жаратқаны және оны ешқашан жоймайтыны айтылған. [Ишая 45:18 оқы.] Мына мақалада “2012 жылы жер жойыла ма?” деген сұрақ қарастырылады” [10-беттегі мақаланы аш].