Жақсы тәлімгердің ең басты қасиеті
1. Жақсы тәлімгердің ең басты қасиеті қандай?
1 Киелі кітаптың жақсы тәлімгері болу үшін не қажет? Осы дүниелік білім бе? Тәжірибе ме? Жоқ әлде туа біткен қабілет пе? Шындығына келгенде, бұл үшін Исаның шәкірттерін ерекшелендіретін әрі заңның орындалуы болып табылатын, Ехобаның ең басты әрі ең тартымды қасиеті — сүйіспеншілік қажет (Жох. 13:35; Ғал. 5:14; Жох. 1-х. 4:8). Иә, жақсы тәлімгер сүйіспеншілік танытады.
2. Адамдарға сүйіспеншілік танытқанымыз неге аса маңызды?
2 Адамдарға сүйіспеншілік таныт. Ұлы Ұстаз Иса адамдарды жақсы көрген. Ал бұл, өз кезегінде, адамдардың оны тыңдауына септігін тигізген (Лұқа 5:12, 13; Жох. 13:1; 15:13). Біз де адамдардың қамын ойласақ, куәлік етудің әрбір мүмкіндігін жібермейміз. Адамдардың немқұрайдылығы мен қудалау біз үшін кедергі болмайды. Уағыздаған адамдарымызға шынайы қызығушылық танытып, ұсыныстарымызды олардың қажеттіліктеріне қарай бейімдейміз. Зерттеп жүрген адаммен бірге уақыт өткізіп қана қоймай, сондай-ақ әр зерттеу сабағына дайындалып баруға да тырысатын боламыз.
3. Киелі кітаптағы шындықтарды жақсы көргеніміз қызметте қалай көмектеседі?
3 Киелі кітаптағы шындықтарды жақсы көр. Сонымен қатар Иса Киелі кітаптағы шындықтарды жақсы көрген әрі оларды қазынаға теңеген (Мат. 13:52). Біз де шындықты жақсы көрсек, құлшыныспен уағыздайтын боламыз, ал бұл тыңдаушыларды бізді зор ықыласпен тыңдауға талпындырады. Мұндай сүйіспеншілік бар назарымызды кемшіліктерімізге емес, айтып жатқан маңызды хабарымызға аударуға көмектеседі, осының арқасында қызметте қатты қобалжымайтын боламыз.
4. Сүйіспеншілікті қалай дамытуға болады?
4 Сүйіспеншілік дамыт. Адамдарға деген сүйіспеншілікті қалай дамытуға болады? Бізге Ехоба мен Исаның сүйіспеншілігі туралы ой жүгірткеніміз және аумағымыздағы адамдардың рухани күйлері қаншалықты мүшкіл екенін түсінгеніміз көмектеседі (Мар. 6:34; Жох. 1-х. 4:10, 11). Ал Киелі кітап шындықтарына деген сүйіспеншілігіміз жүйелі түрде жеке зерттеу өткізіп, ой жүгірткеннің арқасында артады. Сүйіспеншілік — киелі рухтың жемісіне жататын қасиет (Ғал. 5:22). Сондықтан Ехобадан киелі рух беруін және сүйіспеншілігімізді арттыруға көмектесуін сұрап, дұға еткеніміз маңызды (Лұқа 11:13; Жох. 1-х. 5:14). Білім деңгейіміз, шындықтағы тәжірибеміз не қабілеттеріміз қандай болмасын, ең бастысы — адамдарға сүйіспеншілік танытсақ, нәтижелі тәлімгер боламыз.