“Шындықты білу” трактатын әр жағдайда қолдан
1. “Шындықты білу” трактатының біз үшін қандай көмегі бар?
1 “Шындықты білгіңіз келе ме?” трактаты бізге Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға көмектесу үшін арналған. Сонымен қатар шындықтың дәнін себуде керемет құрал болып табылады (Екк. 11:6). Төменде бұл трактатты қолдануға көмектесетін кейбір ұсыныстар келтірілген.
2. “Шындықты білу” трактатын әңгіме бастау үшін қалай қолдана аламыз?
2 Әңгіме бастаудың жолдары. Трактатты үй иесіне ұсынғанда, мұқабасындағы алты сұраққа назарын аударып, былай деп сұрауыңа болады: “Мына сұрақтардың қайсысы сізді толғандырады?” Жауабын алған соң, оның таңдаған сұрағына қатысты трактаттағы Киелі кітаптың жауабын қарастыр және келтірілген жазба орындарының бірін оқып бер. Соңғы беттегі мәліметті оқып не шолып шық та, “Киелі кітап үйретеді” басылымын ұсын. Үй иесі кітаптан бас тартқан күнде де, трактатты алғанының арқасында оның жүрегінде шындық дәнінің тамыр жаюы әбден мүмкін (Мат. 13:23).
3. Үй иесінің қолы бос болмаса, не істей аламыз?
3 Үй иесінің қолы бос болмаса. Былай десең болады: “Сізге ыңғайсыз уақытта келген сияқтымын, сондықтан мына мәліметті қалдырып кетейін. Мұнда көпшілігімізді ойландыратын алты негізгі сұрақ келтіріледі, әрі солардың әрқайсысына Киелі кітапқа негізделген жауап беріледі. Келесі бір жолы келгенімде, бұл мәлімет жайлы өз ойыңызды айта жатарсыз”.
4. Көшеде уағыздап жүріп трактатты ұсынғанда не айтуыңа болады?
4 Көшеде уағыздағанда. Былай деуіңе болады: “Сәлеметсіз бе! Мына сұрақтардың бірі сізді толғандырған ба еді? [Жауабын күт.] Мына мәліметте Киелі кітапқа негізделген анық әрі қанағаттандырарлық жауаптар бар”. Егер адам асығыс болмаса, трактаттағы жауаптардың бірін қарастыра аларсың, тіпті “Киелі кітап үйретеді” басылымын да ұсынарсың.
5. Үйде ешкім болмағанда трактатты қалай қолдануға болады?
5 Үйде ешкім болмағанда. Кейбір аумақтардағы жариялаушылар мұндай жағдайда әдебиетті сырткөзге көрінбейтін жерге қалдырып жатады. Сенің де қауымыңда мұндай әдіс қалыптасқан болса, неге арагідік “Шындықты білу” трактатын қалдырып кетпеске? Қайта оралғанда былай деуге болады: “Өткен жолы келгенде үйіңізде ешкім болмаған еді, сондықтан мына мәліметті есікке қыстырып кеткенбіз. Бұл жерде келтірілген қандай сұрақтардың жауабын білгіңіз келер еді?”
6. Неліктен “Шындықты білу” трактаты қызметте таптырмас құрал болып табылады?
6 “Шындықты білу” трактаты шындықты нақты әрі түсінікті етіп жеткізеді. Бұл трактат діні мен мәдениеті әртүрлі адамдарға арналған. Оны ұсыну да оңай, тіпті жас және жаңа жариялаушылар үшін де тарату қиынға соқпайды. Бұл трактатты әр жағдайда қолданып жүрсің бе?