“Қорықпа”
1. Еремия сияқты қандай қиындықтарға кезігуіміз мүмкін?
1 Пайғамбар ретінде тағайындалғанда, Еремия берілген тапсырманы орындауға өзін дәрменсіз сезінген. Алайда Ехоба: “Қорықпа”,— деп сендіріп, тапсырылған істі орындауға қажетті жігер берді (Ерм. 1:6—10). Бүгінде де бойымыздағы ұялшақтық немесе өз күшімізге сенімсіздік қызметке қаншалықты атсалысатынымызға әсер етуі мүмкін. Адамдар айтқан хабарымызға немесе өзімізге қалай қарайды деп уайымдағандықтан, кейде куәлік етуден тартыншақтайтын шығармыз. Бұндай қорқынышты қалай жеңе аламыз және сөйтуімізбен қандай баталарға ие боламыз?
2. Қызметке алдын ала дайындалғанымыз қалайша қорқынышты басуға көмектеседі?
2 Алдын ала дайындал. Жақсылап дайындалудың арқасында бойымыздағы қорқынышты басамыз. Мысалы, қызметте туындауы мүмкін қарсы пікірлерді алдын ала қарастырып алсақ, оларға кезіккенде жауап беруге дайын боламыз (Нақ. с. 15:28). Мектепте және қызметте кездесуі мүмкін қарсы пікірлерге қалай жауап беруге болатынын отбасылық ғибадатта неліктен айтып жаттықпасқа? (Пет. 1-х. 3:15).
3. Ехобаға арқа сүйегеніміз қалайша қорқынышты жеңуге көмектеседі?
3 Ехобаға арқа сүйе. Құдайға арқа сүйеу арқылы қорқынышты жеңе аламыз. Ехоба бізге көмектесетініне кепілдік береді (Ишая 41:10—13). Бұдан артық қорғаныштың болуы мүмкін бе?! Бұған қоса, Иса Құдайдың киелі рухы тіпті күтпеген жерден куәлік беруге бізді қабілетті ететініне сендірді (Мар. 13:11). Сондықтан үнемі Ехобадан киелі рухын сұрап дұға етейік (Лұқа 11:13).
4. Қиындықтарға қарамастан қызметімізді жалғастырсақ, қандай баталарға ие боламыз?
4 Баталар. Қиындықтарға қарамастан қызметте табандылық танытсақ, болашақтағы сынақтарға төтеп беруге қажетті күшіміз болады. Киелі рухқа кенелген адамдарға тән батылдық пен өжеттік дамыта аламыз (Ел. іс. 4:31). Ехобаның көмегімен қорқынышты жеңер болсақ, оның құтқарушы екеніне сеніміміз нығайып, оған деген үмітіміз арта түседі (Ишая 33:2). Сондай-ақ көктегі Әкеміздің көңілінен шыққанымызды білуден келетін қуаныш пен қанағат сезіміне бөленеміз (Пет. 1-х. 4:13, 14). Олай болса, батылдықпен әрі Ехобаның қолдайтынына сенім арта отырып, еш қорықпастан Патшалық хабарын жариялайық!