Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиет: Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Бірден зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға “Шындықты білу” трактатын ұсынып, зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар. Қарашада “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” кітапшасы. Бұл кітапшаны дүниежүзі бойынша тарату науқанына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет кейінірек беріледі. Кейбір елдерде “Баршаға арналған кітап” және “Құдайдың басшылығы жұмаққа жол көрсетеді” кітапшаларын осы жаңа басылыммен ұсынуға болады. Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Киелі кітап әңгімелері” басылымын ұсыныңдар.
◼ 2011 жылғы Еске алу кешіне орай 2011 жылдың 25 сәуірінен басталатын аптада арнайы баяндама айтылады. Баяндаманың тақырыбы кейінірек хабарланады. Сол аптада аудандық бақылаушы келетін не конгресс болатын қауымдарда бұл баяндама келесі аптада айтылады. Ешбір қауымда арнайы баяндама 25 сәуірден басталатын аптадан бұрын айтылмауы тиіс.