Қызмет кездесуін жүргізетін бауырластарға нұсқаулар
“Біздің патшалық қызметіміздің” осы санынан бастап қызмет кездесуіндегі бағдарламалардың атаулары қарапайымдырақ етіп өзгертілді. Төменде берілген нұсқаулар — 2009 жылдың мамыр айындағы “Біздің патшалық қызметімізде” шыққан “Қызмет кездесуіне дайындалу” тақырыбындағы нұсқаулардың жаңартылған әрі анығырақ етілген нұсқасы:
◼ Баяндама. Бұл — берілген материалға негізделіп айтылатын, бірақ тыңдаушылармен талқыланбайтын баяндама. Баяндамашы қауымға әсіресе пайдалы болатын ойларға баса назар аударуы керек.
◼ Сұрақ-жауап. Бұл бөлім “Күзет мұнарасын” зерттеу сияқты өткізіледі, яғни қысқаша кіріспе мен қорытынды айтылады және абзацтар сұрақ қою арқылы талқыланады. Жүргізуші тым көп түсініктеме бермеуі керек. Уақыт жеткілікті болса, негізгі жазба орындарын оқуға болады. Арнайы нұсқау берілмесе, абзацтарды оқудың қажеті жоқ.
◼ Талқылау. Бұл бөлім аздап тыңдаушылардың қатысуымен өтеді. Яғни материал жай ғана баяндама жүзінде де ұсынылмайды, абзацтар түгел сұрақ-жауап жүзінде де талқыланбайды.
◼ Көрініс пен сұхбат. “Көрініс” деген нұсқау бөлімді жүргізетін бауырлас бағдарламасына көрініс қосуы керек дегенді білдіреді; бірақ көрініске өзі қатыспайды. Оған қабілетті әрі тәжірибелі бауырластарды таңдайды, әрі оларға алдын ала дайындалуды тапсырады. Жаңа жариялаушыны немесе уағызда тәжірибесі аз бауырласты, бұрын-соңды қатыспағанына бола, дұрыс уағыздауды мінбеден көрсетуге шақырудың қажеті жоқ, бірақ ол көрініске үй иесінің рөлінде қатыса алады. Көріністі дайындайтындар тыңдаушыларға пайдалы болатын жағын ойластырады. Ал “сұхбат” беретін бауырластар орындарынан емес, мінбеге шығып сөйлейді. Жауапты бауырлас көріністі де, сұхбатты да алдын ала тыңдап алуы қажет. Егер кездесу өз уақытынан асып бара жатса, бұл бөлімді қысқартуға болады, бірақ көрініс пен сұхбатты бағдарламадан алып тастауға болмайды. Қызмет көмекшісі көрініске қатысатын немесе сұхбат беретін бауырластарды таңдарда ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісімен немесе басқа ақсақалмен ақылдасып алуы керек.
Ерекше басшылық берілмесе, бауырластар қызмет кездесуін осы нұсқаулар бойынша өткізуі керек. Осылайша олар қызмет кездесуінде “әдеп пен тәртіп сақталуына” үлес қосады (Қор. 1-х. 14:40).