Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2010 жылғы 30 тамыздан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2010 жылғы 5 шілдеден басталатын апта мен 30 тамыздан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияның қасында Әндірден басқа тағы кім болды? (Жох. 1:35, 40). (w08 15.4. 30-б.)
2. Жасаған күнәсінің кесірінен адам дертке шалдыға ма? (Жох. 5:14). (w08 15.4. 30-б.)
3. Иса Яһуда Исқариотты шәкірті ретінде таңдаған кезде, оның сатқындық жасайтынын білді ме? (Жох. 6:64). (w08 15.4. 31-б.)
4. Иса қалайша адал шәкірттеріне көкте ‘орын дайындамақ’ болды? (Жох. 14:2). (w08 15.4. 32-б.)
5. Иса Пилатқа өзін ұстап беретін адам жайлы айтқанда, Яһуда Исқариотқа меңзеді ме? (Жох. 19:11). (w08 15.4. 32-б.)
6. Неге мәсіхшілер меншіктерін сатып, содан түскен ақшаны таратып берді? (Ел. іс. 2:44—47; 4:34, 35). (w08 15.5. 30-б.)
7. Елшілердің істері 5:13-те (сілт.) жазылғандай, неліктен “ешкімнің де [шәкірттерге] екіжүзділікпен қосылуға батылы бармады”? (w90-U 1.6. 14-б., 22, 23-абз.)
8. Лұқа Гамалиелдің Жоғарғы кеңестің жабық мәжілісінде не айтқанын қалай білді? (Ел. іс. 5:34—39). (w08 15.5. 31-б.)
9. Степан дұғасын Исаға арнады ма? (Ел. іс. 7:59). (w08 15.5. 31-б.)
10. Неге Лүстраның тұрғындары “Барнабаны Зевс, Пауылды Гермес деп атады”? (Ел. іс. 14:8—13). (w08 15.5. 32-б.)