Құдайдың өз қызметшілеріне арнап жасаған шарасы
1. 1938 жылы қандай шара ұйымдастырылды және қандай мақсатпен?
1 Ехобаның ұйымында 1938 жылы жаңа шара ұйымдастырылды. Қауымдар аумақтық конгреске шақырылатын болды. Қандай мақсатпен? Сол кезде “Хабаршы” деп аталған “Біздің патшалық қызметіміздің” 1939 жылдың қаңтар айындағы санында былай делінген: “Бұл конгрестер Ехобаның Теократиялық ұйымы атқарып жатқан Патшалық қызметінің бір бөлігі болып табылады. Ондағы кеңестер әр қызметшіге өзіне тапсырылған істі дұрыс атқаруға көмектеседі”. 1938 жылы 58 000 болған жариялаушылар саны 2009 жылы 7 000 000-нан асқанына көңіл бөлсек, аумақтық конгрестер (қазіргі аудандық конгрестер) жариялаушыларға “тапсырылған қызметті дұрыс атқаруға көмектесіп”, өз мақсатына жетті дей аламыз.
2. Жаңа қызмет жылындағы аудандық конгресте қандай баяндамалар айтылады?
2 Алдағы аудандық конгрестің тақырыбы. Біз қыркүйек айынан басталатын аудандық конгрестердің жігер беретін бағдарламасын асыға күтудеміз. Конгрестің тақырыбы Жохан 15:19-ға негізделіп, “Осы дүниелік емессіңдер” деп аталады. Мәсіхшілердің қызметіне пайдалы болатын қандай баяндамалар айтылады? Сенбі күні “Толық уақытты қызмет бізді қалай қорғайды?” деген баяндаманы тыңдаймыз. Сондай-ақ үш бөліктен тұратын бірқатар баяндама айтылады. Ол “Айуанның, опасыз әйелдің және әлем саудагерлерінің ықпалына берілмеңдер!” деп аталады. Жексенбі күні “Бұл дүниені емес, Ехобаны сүй” деген бірқатар баяндама тыңдаймыз. Бұдан кейінгі баяндамалар “Жатжерлік және уақытша тұрғындар ретінде өмір сүре беріңдер” және “Батыл болыңдар! Осы дүниені жеңе аласыңдар” деп аталады.
3. Аудандық конгреске қатысу неліктен пайдалы?
3 Қызметтегі құлшынысы бәсеңдеп жүрген бір қыз бауырласты аудандық конгрестің бағдарламасы өз жағдайын қарастырып, “сыныққа сылтау іздемей, қызметке үнемі шығуға” талпындырды. Жаңа қызмет жылындағы аудандық конгрестің бағдарламасы бәрімізді осы дүниені емес, Ехобаны жақсы көруге талпындырары сөзсіз (Жох. 1-х. 2:15—17). Олай болса, конгреске қатысып, бағдарламаны мұқият тыңдау арқылы Құдай өз қызметшілері үшін сүйіспеншілікпен жасаған осы шараның толық пайдасын көр.