Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.10. 2—3 бет.
  • Өзгелер бізге қарап не үйрене алады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзгелер бізге қарап не үйрене алады?
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Ұқсас мәлімет
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Исаның қалдырған үлгісімен жүр
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Жаңа жариялаушыларды үйретейік
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Көбірек қызмет етуге ынталанамыз
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
km 4.10. 2—3 бет.

Өзгелер бізге қарап не үйрене алады?

1. Исаға қарап, шәкірттері не үйренді?

1 Иса былай деген: “Қамытымды қатар киісіп, үйреніңдер Өзімнен” (Мат. 11:29 сілт.). Исаның адамдарға сөзімен ғана емес, өз үлгісімен де тәлім бергені анық. Исаға қарап, шәкірттері не үйрене алғаны жайлы ойлап көрейікші. Ол адамдарға жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік танытқан (Мат. 8:1—3; Мар. 6:30—34). Бұған қоса, Иса өте кішіпейіл болған (Жох. 13:2—5). Қасында жүрген шәкірттері Исаның адамдарға шындықты жүректеріне жеткізу үшін қажымай еңбек еткенін көрген (Лұқа 8:1; 21:37, 38). Ал қызметте жүрген бізге қарап, өзгелер не үйрене алады?

2. Қызметтегі жақсы үлгіміз үй иелеріне қалай әсер етуі мүмкін?

2 Үй иелері. Әдепті әрі ұқыпты киінгеніміз, инабаттылық танытқанымыз және шынайы көңіл бөлгеніміз үй иелеріне қатты әсер етуі мүмкін (Қор. 2-х. 6:3; Філіп. 1:27). Олар Киелі кітапты жиі қолданатынымызды байқайтын болар. Сондай-ақ сөздерін шын ықыласпен тыңдағанымыз оларға жақсы әсер қалдырар. Осындай жақсы үлгіміздің адамдарды Патшалық хабарына құлақ асуға талпындыра алатынын естен шығармайық!

3. Бауырластарымызға қалай жақсы жағынан әсер ете аламыз?

3 Бауырластар. Бауырластарымызға да жақсы жағынан әсер ете алатынымызды ойлап көрші. Қызметтегі құлшынысымыз оларға әсер етпей қоймайды. Темір темірді қайрайтыны сияқты, жақсы дайындап айтқан ұсыныстарымыз қызметтегі серігіміздің де уағыздау шеберлігін арттырады (Нақ. с. 27:17). Қызығушылық білдірген адам жайлы мәліметті қағазымызға ұқыпты етіп жазып алып, оған қайта барғанда қолдансақ, басқа жариялаушылар да осылай етуге талпынады. Қызметімізді толықтай орындау арқылы басқаларға жақсы жағынан әсер ете аламыз (Тім. 2-х. 4:5).

4. Қандай үлгі көрсетіп жүргенімізді неге арагідік тексеріп тұрғанымыз жөн?

4 Неге арагідік ісімізді, сөзімізді және басқаларға қалай әсер етіп жатқанымызды тексеріп тұрмасқа? Өзгелерге жақсы үлгі көрсеткеніміз Ехобаға ұнайды, әрі біз де Пауыл сияқты: “Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!”— дей аламыз (Қор. 1-х. 11:1).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу