Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2010 жылғы 26 сәуірден басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2010 жылғы 1 наурыздан басталатын апта мен 26 сәуірден басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Иса шомылдыру рәсімінен өткен кезде, қай мағынада ‘көк ашылды’? (Мат. 3:16). (w08 15.1 29-б., 5-абз.)
2. Егер бауырласыңды ренжітіп қойғандай болсаң, Исаның Матай 5:24-тегі сөздеріне сай не істеуің керек? (g96-U 8.02 26, 27-б.)
3. Қалай мәсіхшілер ‘көздерін қарапайым’ етіп сақтай алады? (Мат. 6:22, 23 ЖД). (w06 1.10 31-б., 15, 16-абз.)
4. Жазбалардағы хабар отбасының бөлінуіне себепші бола ма? (Мат. 10:34—38). (w08 15.1 29-б., 8-абз.)
5. Құдайдың Ұлын мақұлдайтынын Жақия өз құлағымен естігендіктен Исаның Мәсіх екенін білді емес пе? Онда: “Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сіз бе?”— деп неге сұраған? (Мат. 11:2—6). (w08 15.1 29-б., 9-абз.)
6. Яһуданың өкінгенін қалай түсінуге болады? (Мат. 27:3—5). (w08 15.1 31-б., 3-абз.)
7. Неге Иса өзін ‘демалыс күнінің Иесі’ деп атаған? (Мар. 2:28). (w08 15.2 28-б., 7-абз.; w96-U 1.11 9-б., 11-абз.)
8. Исаның “қандай мөлшерде көңіл бөлсеңдер” деген сөздері нені білдіреді? (Мар. 4:24, 25). (w80-Е 15.6 12-б.; gt 43-тар.)
9. Неге Иса өзінің кереметтерінің жарияланғанын қаламады? (Мар. 7:36). (w08 15.2 28-б., 6-абз.)
10. Неге Иса зағип адамды бірден емес, екі әрекет жасау арқылы сауықтырған? (Мар. 8:22—26). (w08 15.2 29-б., 3-абз.)