Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Сәуір мен мамырда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға, сондай-ақ Еске алу кешіне келген не басқа да теократиялық жиындарға қатысқан, бірақ қауыммен белсенді араласпайтын адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” басылымын қалдырып кетуге болады. Мақсатымыз — осы кітап арқылы зерттеу сабағын бастау. Маусымда “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, жариялаушылар “Ехобаға жақында” басылымын, сондай-ақ “Бұл дүние аман қала ма?” (T-19) трактатын ұсына алады. Шілдеде келесі 32 беттік кітапшаларды таратамыз: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Сергек болыңдар!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Құдайдың басшылығы”, “Құдайға шынайы мойынсұнатын уақыт”.
◼ Облыстық конгресс, аудандық конгресс және арнайы бір күндік конгресс болатын аптада қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі, теократиялық қызмет мектебі және қызмет кездесуі өткізілмейді. Бұл кездесудегі бағдарламаны жеке зерттеу жүргізетін кезде не отбасылық ғибадат кешінде қарастыруға шақырамыз.
◼ 2010 жылғы еске алу кешінен кейін айтылатын арнайы баяндама “Шынайы тыныштық пен қауіпсіздік қашан орнайды?” деп аталады.
◼ Ақсақал кеңесінің үйлестірушісі қызмет кездесулерінің бірінде 2006 жылғы 6 шілдедегі “Барлық қауымдарға” арналған хаттың оқылуының қамын жасайды. Содан кейін көп ұзамай ақсақалдар кеңесі сол хаттың ескертуіндегі мәліметті талқылаулары қажет.