Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Сондай-ақ “Иса деген кім” (Т-24) және “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) трактаттарын ұсынуға болады. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Киелі кітап әңгімелері” басылымын ұсыныңдар. Қаңтарда “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын, сондай-ақ “Шындықты білу” трактатын ұсынуға болады. Ақпанда қолда бар “Отбасы бақыты” не “Киелі кітап әңгімелері” басылымдарын ұсынамыз. Сондай-ақ “Жұмаққа жол” және “Жаны күйзелгендерге жұбаныш” (Т-20) трактаттары. Наурызда “Киелі кітап үйретеді” басылымын ұсынамыз. Үй иесінде бұл кітап бар болса, жариялаушылар Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастауды есте ұстағандары дұрыс. Сәуір мен мамырда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға, сондай-ақ Еске алу кешіне келген не басқа да теократиялық жиындарға қатысқан, бірақ қауыммен белсенді араласпайтын адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” басылымын қалдырып кетуге болады. Мақсатымыз — осы кітап арқылы зерттеу сабағын бастау.
◼ 2011 жылы болатын Еске алу кеші сенбі күні 17 сәуірде күн батқан соң өтеді. Бұл хабарландырудың алдын ала айтылып жатқан себебі — бірнеше қауымдар бір Патшалық сарайында жиналатындықтан, Еске алу кешін өткізуге болатын басқа да орындарды тауып, оларды жалға алу сияқты мәселелерді ойластыру қажет.
◼ 2010 жылдың Еске алу кешіне шақыру қағазы қауымдарға өз тілдерінде жіберілетін болады. Уағыздайтын аумақтарыңда басқа тілде сөйлейтін адамдарға ана тілінде шақыру қағазын бергілерің келсе, мүмкіндігінше “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы шақыру қағазға тапсырыс берулерің қажет. Шақыру қағаздың қай тілде бар екені жөнінде мәлімет ай сайынғы “Барлық қауымға арналған хабарландыру” хатында көрсетілетін болады.
◼ 2009 жылы 23 тамызда Астана қаласында Патшалық сарайды бағыштау бағдарламасы өтті. Бағдарламаға 441 адам қатысты.