Уағыздау қызметін кейінге қалдырмай атқарайық!
1. Пауылдың қай сөздері біздің көңіл қоюымызға тұрарлық?
1 “Сөзді уағызда, мұны кейінге қалдырмай атқар” (Тім. 2-х. 4:2 ЖД). Пауылдың осы кеңесі біздің күндерімізде неге маңызды? Бұл сөздер біздің де, адамдардың да өміріне қалай әсер етеді?
2. Неліктен ізгі хабарды естімеген адамдарды табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек?
2 Адамдардың өмірін құтқару. Дүниежүзінде миллиондаған адам құтқарылуларына көмектесетін ізгі хабарды әлі де естімеген (Рим. 10:13—15; Тім. 1-х. 4:16). Олардың көбі әбден уағыздалған аумақтарда тұрады. Егер сол адамдарға аптаның әртүрлі күні немесе бір күннің түрлі уақытында барсақ, оларды жолықтыруымыз мүмкін. Адамдарды табу үшін қолымыздан келгеннің бәрін істесек, ар-ұжданымыз таза болады, әрі ешкімнің қанын мойнымызға жүктемейміз (Ел. іс. 20:26).
3. Қызметте уақытты қалай даналықпен қолдана аламыз?
3 Қатты қудалауларға қарамастан, бірінші ғасырдағы мәсіхшілер ілімдерін бүкіл Иерусалимге таратты (Ел. іс. 5:28). Біз де солар сияқты, “[түбегейлі] куәлік келтіруге” бел будық па? (Ел. іс. 10:42). Қызметте жүргенде уақытты даналықпен қолданамыз ба? Мысалы, учаскеге бара жатқанда не біріншісінен шығып басқасына беттегенде, жолшыбай адамдарға уағыздаймыз ба?
4. Адамдарға Патшалық хабарын кейінге қалдырмай уағыздағанымыз сергек болуға қалай септігін тигізеді?
4 Сергек болу. Осы дүниенің ақыры таяған сайын біз сергек болуымыз керек (Сал. 1-х. 5:1—6). Адамдарға Патшалық хабарын үнемі айтып жүрер болсақ, бар ойымыз күнделікті тұрмыстың қамын жасауға ауып кетпейді (Лұқа 21:34—36). Сонымен қатар Ехобаның күнін есімізде ұстасақ, адамдардың өмірін құтқаратын істі белсенділікпен атқаратын боламыз (Пет. 2-х. 3:11, 12).
5. Өмірді қастерлегеніміз қызметті қалай атқаруға талпындырады?
5 Уағыздау қызметін кейінге қалдырмай атқаруымызбен Ехобаның өмірге деген көзқарасын танытамыз. Ол “ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, арылуын қалайды” (Пет. 2-х. 3:9; Езек. 33:11). Барша жан Ехобаға мадақ әкелу үшін учаскемізде мейлінше көп адамға жолығуға бел буайық! (Заб. 108:30).