Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді”. Басылымды алған адаммен алғаш сөйлескенде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Үй иесіне зерттеу сабағы қалай өтетінін қысқаша көрсет. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға “Шындықты білу” трактатын ұсынып, бірге талқылаңдар. Егер үй иесінде бұл трактат бар болса, зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын ұсынуға болады. Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Сондай-ақ “Иса деген кім?” (Т-24) және “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) трактаттарын ұсынуға болады. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Киелі кітап әңгімелері” басылымын ұсыныңдар. Қаңтарда “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын, сондай-ақ “Шындықты білу” трактатын ұсынуға болады. Ақпанда қолда бар “Отбасы бақыты” не “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымдарын ұсынамыз. Сондай-ақ “Жұмаққа жол” және “Жаны күйзелгендерге жұбаныш” (Т-20) трактаттары.
◼ 2010 жылғы Еске алу кешіне орай 2010 жылғы 12 сәуірден басталатын аптада арнайы баяндама айтылады. Баяндаманың тақырыбы кейінірек хабарланады. Сол аптада аудандық бақылаушы келетін не аудандық конгресс болатын қауымдарда бұл баяндама келесі аптада айтылады. Ешбір қауымда арнайы баяндама 12 сәуірден басталатын аптадан бұрын айтылмауы тиіс.
◼ Мырзакент (ОҚО) және Теміртау (Қарағанды облысы) қалаларында Патшалық сарайын бағыштау бағдарламасы өткенін қуана хабарлаймыз. Бағдарламаны Мырзакентте 51, ал Теміртауда 184 адам тыңдады.