Ақжүрек адамдарды іздей берейік
1. Қызметке қатысу мүмкіндігін бағалайтынымызды қалай көрсете аламыз?
1 Иса жердегі қызметі кезінде момын адамдарға ізгі хабарды жеткізу үшін аянбай еңбек етті (Ишая 61:1, 2). Біз, Мәсіхтің өкілдері әрі ізбасарлары, аумағымыздағы лайықты адамдарды табу ісін шаршамастан әрі тыңғылықты атқарамыз және мұны зор мәртебе санаймыз! (Мат. 10:11; Қор. 2-х. 5:20).
2. Пауыл жағдайға қалай бейімделе білді және мұның нәтижесі қандай болды?
2 Бейімделе біл. Елші Пауылдың ең алдымен мәжілісханаға барып, яһудилер мен яһуди дінін қабылдаған кісілерге уағыздайтын әдеті болған (Ел. іс. 14:1). Бірде ол Сыйласпен бірге Філіпі қаласындағы “сиынып мінажат ететін” жердегі адамдарға куәлік етуге барады да, сонда отырған әйелдерге уағыздай бастайды. Сөйтіп араларында болған Лүдия есімді әйел бірден шындықты қабылдайды (Ел. іс. 16:12—15).
3. Үйме-үй уағыздаумен қатар қызметтің тағы қандай түрлеріне қатыса аламыз?
3 Үйме-үй уағыздаумен қатар әуежайларда, теміржол бекеттерінде, саябақтарда, жұмыс беру мекемелерінде, даңғыл көшелерде және сауда орталықтарында неге уағыздамасқа? Бәлкім, күзетілетін тұрғын үй кешендеріндегі адамдарға хат жазып не телефон арқылы куәлік ете алармыз. Қызмет ететін аумағымызда қырағы және бейімделгіш болсақ, ‘Иеміздің ісін молынан істей’ аламыз (Қор. 1-х. 15:58).
4. Қауымның аумағы кішігірім болса, қызмет аясын қалай кеңейте аламыз?
4 Көп жариялаушылар өз еліндегі не шет елдегі аумаққа көшіп, қызмет аясын кеңейткен. Тағы біреулері шет елден келген адамдарға уағыздай алу үшін солардың тілін үйреніп алды.
5. Қандай уақытта өмір сүріп жатырмыз және бұл бізді не істеуге талпындыру керек?
5 Бәріміз де “егіндік — осы дүние” екенін есте ұстауымыз керек (Мат. 9:37; 13:38). Осы зұлым дүниенің ақыры таяп қалды. Сондықтан әрқайсысымыз жағдайымызды, қабілеттеріміз бен мүмкіндіктерімізді қызмет аясын кеңейту үшін қалай пайдалана алатынымыз жайлы ойлануымыз керек. Егер Патшалықтың қамын басты орынға қояр болсақ, қызмет аясын кеңейту үшін істеп жатқан әрекеттерімізге Ехоба батасын көл-көсір етіп төгетіні шүбәсіз (Мат. 6:33; 28:20).