Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Тамызда “Құдай талап етеді?” кітапшасын тарату науқаны. Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді”. Басылымды алған адаммен алғаш сөйлескенде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Үй иесіне зерттеу сабағы қалай өтетінін қысқаша көрсет. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға “Шындықты білу” трактатын ұсынып, бірге талқылаңдар. Егер үй иесінде бұл трактат бар болса, зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын ұсынуға болады. Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Сондай-ақ “Иса деген кім?” (Т-24) және “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) трактаттарын ұсынуға болады. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Киелі кітап әңгімелері” басылымын ұсыныңдар. Қаңтарда “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын, сондай-ақ “Шындықты білу” трактатын ұсынуға болады.
◼ 1 қыркүйектен бастап жалпы ізашар болып қызмет еткісі келетіндер өтініш қағазын кешіктірмей толтырулары керек.