Аудандық конгресс рухани күйімізді сақтауға көмектеседі
1. Ізгі хабарды уағыздау тапсырмамызды орындауға көмек ретінде Ехоба қарастырған шаралардың бірі қандай?
1 Ехоба жомарттық танытып, ізгі хабарды уағыздау тапсырмамызды атқаруға қажетті біліммен, тәлім беру бағдарламасымен қамтамасыз етіп, жігерлендіріп отырады (Мат. 24:14; Тім. 2-х. 4:17). Жыл сайын өтетін аудандық конгресс осындай шаралардың бірі болып табылады. 2010 қызмет жылына арналған конгресс “Рухани күйіңді сақта” деп аталады. Ол Римдіктерге 8:5 және Яһуда 17—19 тармақтарға негізделген. Бұл бағдарлама 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап өткізіледі.
2. а) Аудандық конгреске қатысқаның неге маңызды? ә) Бұрынғы аудандық конгрестердегі қандай ойлар қызметіңе көмектесті?
2 Конгрестің пайдасы. Конгрестің бағдарламасы уақытымызды ұрлап, назарымызды маңызды нәрселерден ауытқытып әкететін жайттар жөнінде ескертеді. Біз “өзіңді шектеме” деген көзқарасқа қарсы тұруды үйренеміз және рухани адамның қандай болу керек екенін қарастырамыз. Жексенбі күнгі бірқатар баяндамада салт басты бауырластар және отбасылары күннен-күнге өршіп жатқан қысымға, сынақтарға қарсы тұру үшін қалай рухани күйлерін нығайта алатыны көрсетіледі. Конгресс бағдарламасы жүрегімізді, рухани күйімізді сақтауға және рухани адамдарды қандай керемет баталар күтіп тұрғанын есте ұстауға көмектеседі.
3. Сендер тұратын аумақта аудандық конгресс қашан өтеді және нені мақсат етіп қоюымыз керек?
3 Келесі аудандық конгресс қашан және қай жерде өтетінін біле салысымен, екі күндік бағдарламаға толық қатысуды және оны мұқият тыңдауды мақсат етіп қой. Ехоба ынталы қолға батасын беретініне сенімді бол (Нақ. с. 21:5 ЖД).
4. Алдағы аудандық конгреске байланысты не нәрсеге сенімдіміз?
4 Бұл — Ехобадан келген игі сый. Адал құл табы дайындаған осы бағдарлама мәсіхшілер ретіндегі қызметімізді атқаруымыз үшін өте маңызды болмақ. “Үмітімізді ел алдында қысылмай жариялауда берік болуға” көмектесетін шараларды сүйіспеншілікпен ұйымдастырып отырғаны үшін Ехобаға қаншалықты ризамыз десеңші! (Евр. 10:23—25 ЖД; Жақ. 1:17).