Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.09. 4-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2009
Біздің патшалық қызметіміз. 2009
km 6.09. 4-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Маусымда “Киелі кітап үйретеді”. Егер қауымда болса, “Ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға болады. Сондай-ақ “Бұл дүние аман қала ма?” (Т-19), “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) және “Ехоба деген кім?” (Т-23) трактаттарын беруге болады. Шілде мен тамызда келесі 32 беттік кітапшаларды таратуға болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Сергек болыңдар!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?”, “Құдайдың басшылығы”, “Баршаға арналған кітап”. Сондай-ақ “Өлмейтін рух” (Т-25), “Киелі кітапқа сену” (Т-13) және “Киелі кітапты білу” (Т-26) трактаттарын беруге болады. Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді”. Басылымды алған адаммен алғаш сөйлескенде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Үй иесіне зерттеу сабағы қалай өтетінін қысқаша көрсет. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға “Шындықты білу” трактатын ұсынып, бірге талқылаңдар. Егер үй иесінде бұл трактат бар болса, зерттеу сабағын бастауға тырысыңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Үй иесінде бұл кітап бар болса, “Ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын ұсынуға болады.

◼ Кейбір елдер туралы мәлімет жылдық қызмет есебінде де, “Жылнаманың” соңғы бетінде де келтірілмейді. Сондай елге саяхаттап баруды жоспарлағандарға жергілікті филиал арнайы нұсқаулар береді. Себебі сол елде уағыздау ісіне белгілі бір шектеулер қойылған болуы мүмкін (Мат. 10:16). Тіпті кей елдерде жергілікті Куәгерлермен не қауыммен байланыспаған жөн. Бейресми куәлік етуге және өзімен әдебиет алып жүруге қатысты арнайы басшылық берілуі мүмкін. Мұндай нұсқауларға құлақ асқандарың өздеріңе де, Патшалық ісіне де қиындықтар туғызбайды (Қор. 1-х. 14:33, 40).

◼ Халықаралық конгреске шақырылмаған бауырластардан конгресс өтетін жерлерге бармауды сұраймыз, өйткені бұл конгресті ұйымдастыру мен өткізуде біраз қиындықтар тудыруы мүмкін (“Біздің патшалық қызметіміз” 2008 жыл, 5-б., 2-абз. қара). Сендердің түсінікпен қарайтындарыңа сенімдіміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу