Құдайды сүйетінімізді қызмет етуімізбен көрсетейік
1. Құдайға деген сүйіспеншілік Исаны не істеуге талпындырды?
1 Сүйіспеншілік Исаны қызмет етуге талпындырған. Оның Ехобаға деген сүйіспеншілігі қызметінің әрбір саласынан айқын көрінеді. Иса: “Осы дүние Менің көктегі Әкемді сүйетінімді білсін деп Соның тапсыруы бойынша іс-әрекет жасаймын”,— деген (Жох. 14:31). Исаның ізбасарлары ретінде біз де қызмет ету арқылы Ехобаға деген зор сүйіспеншілігімізді көрсету мәртебесіне ие болдық (Мат. 22:37; Ефес. 5:1, 2).
2. Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз қызметімізге қалай әсер етеді?
2 “Киелі есімің қастерлене берсін”. Ехоба мен оның Патшалығы туралы уағыздаудың әрбір мүмкіндігін пайдаланғанымыз оған деген сүйіспеншілігіміздің дәлелі болып табылады. Осылайша Ехобаның киелі есімінің қастерленуіне өз үлесімізді қосамыз (Заб. 82:19; Езек. 36:23; Мат. 6:9). Иса сияқты біз де қызмет ету арқылы Ехобаның есімінің қастерленуі мен еркінің орындалуын шын жүректен қалайтынымызды көрсетеміз (Мат. 26:39).
3. Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз қиындықтарды жеңуге қалай көмектеседі?
3 Сүйіспеншілік қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Ехобаға деген сүйіспеншілік кез келген қиындықты жеңеді (Қор. 1-х. 13:4, 7). Иса қызметін атқаруға кедергі болатын көптеген жағдайларға кезіккен. Ол Ехобаны қатты сүйгендіктен және оның еркін орындауды қалағандықтан барлық қиындықтарды жеңе алған (Мар. 3:21; Пет. 1-х. 2:18—23). Құдайға деген сүйіспеншілік бізге де кедергілерді жеңуге көмектеседі. Қызметімізді тоқтатпай, табандылықпен атқара беру үшін Исаға еліктеуіміз керек. Отбасындағы қарсылық, денсаулықтың нашарлауы, жастың ұлғаюы мен қызметтегі адамдардың селқостығы бізге әсер етпей қоймайды. Бірақ бұлардың ешқайсысы қызметке барынша атсалысып, Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді көрсете беруімізге тосқауыл бола алмайды.
4. Ехобаны сүйгеніміздің арқасында қандай мәртебеге ие болдық?
4 Сүйіспеншіліктің күші зор және қызмет етуімізбен Ехобаны жан-тәнімізбен сүйетінімізді көрсету — біз үшін үлкен бата! (Қор. 1-х. 13:13). Ехобаның есімі толықтай қастерленетін уақыт таяп қалғандықтан, ‘сүйіспеншілігіміз бұдан да арта берсін’ (Філіп. 1:9; Мат. 22:36—38).