Қызмет кездесуіне дайындалу
1. Қызмет кездесуінің мақсаты қандай және оның пайдасын көру үшін не істеген дұрыс?
1 Қызмет кездесуі бізге уағыз ісін тиімді атқаруға көмектеседі. Бұл кездесуде Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздау, шәкірттер дайындау және жақындап келе жатқан Құдай сотын жариялау ісіне баса назар аударылады (Мат. 28:20; Мар. 13:10; Пет. 2-х. 3:7). Кездесуге неғұрлым жақсы дайындалып барсақ, соғұрлым пайдасын көреміз.
2. Баяндаманы тыңдауға қалай дайындалуға болады?
2 Баяндама. Қолданылатын мәлімет көзі, әдетте, баяндамашыға берілген нұсқауда көрсетіледі. Берілген мәлімет пен жазба орындарын қарастырып, оларды қызметте қалай қолдануыңа болатыны жөнінде ой жүгірт.
3. Сұрақ-жауап ретінде өтетін бөлімге қалай дайындалуға болады?
3 Сұрақ-жауап ретінде талқылау. Бұл бөлім қысқаша алғы сөзбен басталып, “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуі сияқты өткізіледі және қорытынды сөздермен аяқталады. Әр абзацтың негізгі ойларының астын сызып, қысқа да нұсқа жауап беруге дайын бол.
4. Талқылауға қалай дайындала аламыз?
4 Тыңдаушылармен талқылау. Бұл бөлім баяндама ретінде ұсынылады, бірақ баяндамашы біраз сұрақ қояды. Егер негізгі ойлардың астын сызып, жазба орындарын ашып оқитын болсаң, қойылған сұрақтарға жауап бере аласың. Баяндамашы сұрақтарды негізгі ойларға назар аударылатындай етіп қояды.
5. Қалай көріністердің толық пайдасын көре аламыз?
5 Көрініс. Кей бөлімдерде мәліметті жергілікті аумақта қалай қолдануға болатыны көрсетіледі. Көріністі ақсақалдар, тәжірибелі жариялаушылар немесе ізашарлар дайындайды. Кездесуге дайындалған кезде мәліметтің қалай ұсынылуы мүмкін екенін ойла. Көрініс кезінде ұсынысты әртүрлі адамдарға қалай бейімдеуге болатыны жөнінде ой жүгірт. Ұсынылатын әдебиетті өзіңмен ала кел. Отбасымен бірге ғибадат ететін кеште осы ұсыныстардың біразын қайталағандарың пайдалы болады.
6. Неге қызмет кездесуіне дайындалған дұрыс?
6 Егер алдын ала дайындалып барсақ, қызмет кездесуі біз үшін қызықты өтеді және өзімізді де, өзгелерді де жігерлендіреміз (Рим. 1:11, 12). Сондай-ақ бізге жүктелген тапсырманы орындауға толықтай даяр боламыз (Тім. 2-х. 3:17).