Жақсы оқи алмайтын адамдарға тәлім береміз
1. Қызметте қандай қиындыққа кезігуіміз мүмкін?
1 Патшалықты жариялаушылар оқта-текте жақсы оқи алмайтын адамдарды кездестіріп жатады. Оларға қалай көмектесуге болады?
2. Қалай және неліктен жақсы оқи алмайтын адамдарға құрмет көрсетеміз?
2 Құрмет көрсет. Ехоба үшін адамның білімі емес, жан дүниесі маңызды (Пат. 1-ж. 16:7; Нақ. с. 21:2). Сол себепті біз жақсы оқи алмайтын адамға мұрын шүйіріп қарамаймыз. Қайта, құрмет пен шыдамдылық танытсақ, оның көмегімізді қабыл алуға ыңғай танытуы әбден мүмкін (Пет. 1-х. 3:15). Мұндай зерттеушіні жазба орнын не абзацты оқуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Киелі кітап шындықтарын білген сайын, жақсы оқуға деген ықыласы артуы мүмкін. Сонда ол Құдай Сөзін ‘күні-түні күбірлеп оқудан’ (ЖД) келетін қуанышқа бөлене алады (Заб. 1:2, 3).
3. Жақсы оқи алмайтын адамдарға тәлім берудің қандай әдістері бар?
3 Тәлім беру әдістері. Суреттер тәлім берудің тиімді құралы болып табылады. Оларды қолданып, зерттеушіге үйренгендерін есте сақтауына көмектесе аламыз. Алдымен басылымдағы суретке қатысты ойын білуге болады. Содан кейін жақсы ойластырылған сұрақтар қою арқылы суреттен неге үйренуге болатынын түсіндір. Сондай-ақ суреттің назар аударғың келетін тұсына қатысы бар тармақтарды қолдан. Суреттерді сабақты қайталағанда да пайдалануыңа болады. Бірден көп мәлімет қамтыма. Тақырып пен негізгі ойларға баса назар аудар және артық мәлімет келтіруден аулақ бол. Жазба орындарын тікелей Киелі кітаптан оқы және зерттеушінің түсініп отырғанына көз жеткізу үшін сұрақтар қой. Нәтижесінде ол Киелі кітап шындықтарын тереңірек зерттеуді көздеп, оқуын жақсартуға талпынуы мүмкін.
4. Зерттеушіге оқуын жақсартуға қалай көмектесе аламыз?
4 Оқуды жақсартудың жолдары. Адамның оқуды үйренуге мүмкіндігі болмағанымен, түсіну және есте сақтау қабілеті зор болуы мүмкін. Сондықтан оны жақсы оқитын адамның оқығанын мұқият тыңдап, мәтінге көз жүгіртіп және сөздерді жай дауыспен қайталауға талпындыр. Осылайша ол оқуын жақсарта алады. Бәлкім қауым ақсақалдары оқуды үйрететін сабақтар ұйымдастырар. Осы әдістерді қолданып, жақсы оқи алмайтын адамдарға құтқарылуға бастап әкелетін ‘Киелі жазбаларды’ түсінуге көмектесе аламыз (Тім. 2-х. 3:15).