Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 23 ақпаннан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 5 қаңтардан басталатын апта мен 23 ақпаннан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Егер аспан шырақтары төртінші күні жаратылған болса, қалайша Құдай бірінші күні жарық берді? (Жар. 1:3, 16) (w04 1.01 29-б., 5-абз.).
2. Ехоба Құдай Адам атамен тікелей сөйлескен бе? (Жар. 3:8) (w04 1.01 30-б., 1-абз.).
3. Нұхтың заманындағы жер бетін алып кеткен су қайдан келген? (Жар. 7:11) (w04 1.01 31-б., 1-абз.).
4. Ыбырайыммен жасалған келісім қашан күшіне енді және қанша уақытқа? (Жар. 12:1—4) (w04 1.03 29-б., 1-абз.; w01 1.11 11-б., 13-абз.).
5. Жаратылыс 15:5, 6-дағы оқиғадан қандай сабақ аламыз? (w04 1.03 29-б., 7-абз.).
6. Неге Петірдің 2-хаты 2:7-де “әділ” деп аталған Лут қыздарын азғын тобырға ұсынды? (Жар. 19:8) (w05 1.02 30-б., 15, 16-абз.; w04 1.03 29-б. 4-абз.).
7. Ыбырайымның Ажар мен Сараның арасындағы Ысмағұлға қатысты туындаған келіспеушілігін қалай шешкенінен ерлі-зайыптылар неге үйренеді? (Жар. 21:10—14; Сал. 1-х. 2:13) (w06 1.05 6-б. 5—8 абз.).
8. Елиезер Ысқаққа әйел іздегенде, оның Ехобаның еркіне сай әрекет еткенінен қандай сабақ аламыз? (Жар. 24:12—14, 67) (w08 15.02 3-б., 4-абз.).
9. Жақыптың ‘баспалдақты’ көрген түсі нені білдірді? (Жар. 28:10—13) (w04 1.03 30-б., 6-абз.).
10. Неліктен Рахила Лияның ұлы әкелген мандрагора жемістерін алғысы келді? (Жар. 30:14, 15) (w04 1.03 30-б., 7-абз.).