Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Қаңтарда “Киелі кітап үйретеді”. Егер адамда бұл кітап болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” немесе “Ехобаға жақында” кітаптарын ұсынуға болады. Сондай-ақ “Ехоба деген кім?” (T-23) және “Ең ұлы есім” (T-72) трактаттарын беруге болады. Ақпанда қолда бар “Отбасы бақыты” не “Білім” кітаптарын ұсынамыз. Сондай-ақ “Жұмаққа алып баратын жол” және “Жаны күйзелгендерге жұбаныш” (T-20) трактаттарын береміз. Наурызда “Киелі кітап үйретеді”. Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Сәуірде және мамырда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқандарға, сондай-ақ Еске алу кешіне келетін не басқа да теократиялық жиындарға қатысатын, бірақ қауыммен белсенді араласпайтын адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” басылымын қалдырып кетуге болады. Мақсатымыз — осы кітап арқылы зерттеу сабағын бастау. Маусымда “Киелі кітап үйретеді”. Егер адамда бұл кітап болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға болады. Сондай-ақ “Бұл дүние аман қала ма?” (T-19), “Дүние шын мәнінде кімнің билігінде?” (Т-22) және “Ехоба деген кім?” (Т-23) трактаттарын беруге болады.
◼ Наурыз айының бірінші аптасынан бастап аудандық бақылаушы “Осы дүниенің қиялына берілмей, Патшалықтың қамын ойла” деп аталатын көпшілікке арналған жаңа баяндама айтады.
◼ Бейсенбі, 9 сәуір күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін, қауымдар қажетті шаралар жасаулары керек. Әрбір қауым Еске алу кешін бөлек өткізгені жақсы. Бір Патшалық сарайында бірнеше қауым жиналатын болса, бір немесе бірнеше қауым сол кешке басқа бір ғимаратты жалдауына болады. Кешке келгендер араласа алу үшін, бағдарламалардың арасындағы үзіліс кемінде 40 минут болғаны дұрыс.