Құдай Патшалығы деген не?
Бұрын-соңды Құдай Патшалығы жайлы естігенсіз бе? Ол туралы білу бәріміз үшін аса маңызды.
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ:
Құдай Патшалығы деген не?
Бұл — көктегі үкімет. Оның Патшасы — Иса Мәсіх (Ишая 9:6, 7; Матай 5:3; Лұқа 1:31—33).
Құдай Патшалығы қандай істер атқаратын болады?
Жер бетіндегі барлық жамандықтың тамырына балта шауып, адамдар арасында мәңгілік тыныштық орнатады (Даниял 2:44; Матай 6:10).
Құдай Патшалығын бірінші орынға қою нені білдіреді?
Бұл Құдай Патшалығын қолдауды және осы Патшалық қана жердегі жағдайды Құдайдың қалауына сай өзгертетініне сенуді білдіреді (Матай 6:33; 13:44).