Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2008 жылғы 29 желтоқсаннан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2008 жылғы 3 қарашадан басталатын апта мен 29 желтоқсаннан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге 20 минуттық қайталау жүргізеді.
САБАҚ
1. Неліктен насихатты “сүйіспеншілікпен” айтқан тиімді? (Флм. 9 ЖД). (be 266-б., 1—3 абз.)
2. Қалай өзгелердің бойына батылдық ұялата аламыз? (be 268-б., 4-абз.—269-б., 2-абз.).
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
3. Құдай өзіне ұнайтын істерді ‘қалауымызға’ және ‘жүзеге асыруымызға’ қалай түрткі болады? (Філіп. 2:12, 13).
4. Пауыл ескерткен ‘осы дүниелік қарапайым ережелерге’ не жатады? (Қол. 2:8 сілт.).
5. Пауыл “рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын” деп дұға еткенде, не айтқысы келді? (Сал. 1-х. 5:23). (w08 15.09 “Ехобаның сөзі тірі. Салониқалықтарға және Тімотеге арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар”.)
6. Қалай майланған мәсіхшілер ‘құтқарылулары үшін әуел бастан таңдап алынған’? (Сал. 2-х. 2:13, 14).
7. Қалайша әйел “аналық міндетін атқарғанда аман сақталады”? (Тім. 1-х. 2:15).
8. Пауылдың ‘ешкімге жала жаппауды’ ‘арақ-шарапқа салынбаумен’ байланыстырғанының себебі қандай болуы мүмкін? (Тит. 2:3). (w94-U 15.06 20-б., 12-абз.)
9. “Өлімнің әміршісі” деген сөз Шайтан кез келген адамның мезгілсіз өліп кетуіне түрткі болады дегенді білдіре ме? (Евр. 2:14). (w08 15.10 “Ехобаның сөзі тірі. Титке, Філимонға және Еврейлерге арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар”.)
10. Жаңа келісімді қалдырған кім? (Евр. 9:16). (w08 15.10 “Ехобаның сөзі тірі. Титке, Філимонға және Еврейлерге арналған хаттардағы көңіл бұрарлық ойлар.)