Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 7.08. 3-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2008
Біздің патшалық қызметіміз. 2008
km 7.08. 3-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Шілдеде және тамызда келесі 32 беттік кітапшалардың кез келгенін ұсынуға болады: “Құдай қамымызды ойлай ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Сергек болыңдар!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?”, “Құдайдың басшылығы”, “Жалпыға арналған кітап”. Сондай-ақ келесі трактаттарды да ұсынса болады: “Өлмейтін рух” (Т-25), “Киелі кітапқа сену” (Т-13), “Киелі кітапты білу” (Т-26). Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Адаммен алғаш сөйлескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Егер ол адамда бұл кітап бар болса, зерттеу сабағының қалай өтетінін қысқаша көрсету арқылы кітапты қалай пайдалануға болатынын түсіндір. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Адам қызығушылық танытса, зерттеу сабағын бастау үшін “Киелі кітапты білу” (Т-26) трактатын көрсетіп, оны бірге талқылаңдар. Қарашада “Киелі кітап үйретеді” басылымы. Зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Желтоқсанда “Ең ұлы адам” кітабын ұсынамыз. Сондай-ақ “Иса деген кім?” (Т-24) және “Дүние кімнің билігінде?” (Т-22) трактаттарын ұсынуға болады. Егер үй иесі балалары бар екенін айтса, “Менің Киелі кітап әңгімелерім” басылымын ұсыныңдар.

◼ Тамызда бес сенбі, бес жексенбі болғандықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.

◼ Қыркүйектен бастап аудандық бақылаушы “Мінсіздік жолымен жүріңдер” деп аталатын көпшілікке арналған баяндама айтады.

◼ 2008 жылдың 22 қыркүйегінен басталатын аптадан бастап қауымның кітап зерттеу кездесуінде “Отбасы бақытының сыры” кітабын қарастыратын боламыз. Сондықтан осы кітапқа алдын ала жеткілікті көлемде тапсырыс берген дұрыс.

◼ Бетел әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті әдебиетке берілетін тапсырыс Бетелге жөнелтілмес бұрын, жариялаушылар әдебиетке жауапты бауырласқа жеке тапсырыстарын бере алуы үшін, төрағалық етуші бақылаушы ай сайын хабарландыру жасалуын қадағалау керек. Қандай әдебиеттерге арнайы тапсырыс беру керек екендігін ұмытпауларыңды сұраймыз.

◼ 2008 жылдың 31 тамызында немесе осы күнге жақын аралықта қолда бар әдебиеттер мен журналдарды түгендеу керек. Бұл әдебиетке жауапты жетекші бауырластың ай сайынғы есепке алу жұмысына ұқсас, тек жалпы нәтижесі “Әдебиеттерді түгендеу” (S-18) бланкіне енгізіледі. Қолда бар журналдардың жалпы санын оларға жауапты қызметші(лер)ден білуге болады. Түгендеу ісі жетекшілік етуші қауымның хатшысының басшылығымен жүргізілу керек. Осы хатшы және сол қауымның төрағалық етуші бақылаушысы бланкке қол қояды. Жетекшілік етуші қауымдардың әрқайсысы “Әдебиеттерді түгендеу” бланкінің үш данасын алады. Бланктің түпнұсқасын Бетелге 6 қыркүйектен кешіктірмей жіберулеріңді өтінеміз. Көшірменің бір данасын картотекаларыңда сақтаңдар. Ал үшінші данасын қолдануға болады.

◼ Зерттеу сабағын бастап, оны жалғастыру үшін “Құдай талап етеді” кітапшасының орнына “Киелі кітап үйретеді” басылымын қолданған дұрыс. “Құдай талап етеді” кітапшасын қауымда таусылғанша тарата беруге болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу