Берік сенімнің дәлелі
1. Иса қандай жағымсыз оқиғалардың болатынын айтқан еді?
1 Иса өзінің билікке келетін уақыты мен осы дүниенің ақыры туралы айтқанда, елшілері оны мұқият тыңдаған болатын. Ол адамзаттың соғыс, аштық, жер сілкінісі және індет сияқты апаттарды басынан өткізетінін айтқан. Бұдан кейін Иса өзінің ізбасарларын жұрттың бәрі жек көріп, жәбір көрсетіп, тіпті өлтіретінін сөз еткен. Сондай-ақ ол жалған пайғамбарлар шығып, көптеген адамдарды алдайтынын және көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кететінін айтып кеткен.
2. Неге ізгі хабардың күллі әлемге уағыздалып жатқаны таңғаларлық нәрсе деуге болады?
2 Исаның осының бәрін айта келе, Құдай Патшалығы туралы ізгі хабар күллі әлемге уағыздалатын болады деген сөзі елшілер үшін таңғаларлық нәрсе болып көрінген болар (Мат. 24:3—14). Бүгінде біз адамды бейжай қалдырмайтын осы пайғамбарлықтың керемет түрде орындалып жатқанын көріп жүрміз. Ехоба куәгерлері қауіпті уақытта өмір сүріп жатқандарына қарамастан, ізгі хабарды құлшына уағыздауда. Жер бетінде сүйіспеншілік суып бара жатқанымен, біздің сүйіспеншілігіміз күн санап артуда. Өзімізді “барлық ұлттар” жек көргеніне қарамастан, біз ізгі хабарды әрбір ұлтқа дерлік жеткізіп жатырмыз.
3. Дүниежүзілік есеп көрсетілген кестеде сендерді не нәрсе жігерлендірді?
3 3—6 беттердегі дүниежүзілік есепте көрсетілген Ехоба куәгерлерінің өткен қызмет жылындағы істеріне көз жүгірту неткен қуанышты! Соңғы 16 жылда уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне жыл сайын миллиардтан аса сағат жұмсалған. Бұл Құдай халқының сенімінің керемет дәлелі емес пе?! Сондай-ақ ізашарлардың саны 5,8 пайызға, жариялаушылардың саны 3,1 пайызға, ал зерттеу сабақтарының саны 4,4 пайызға өскенін көруге болады. Ал шомылдыру рәсімінен өткен адамдардың саны өткен қызмет жылымен салыстырғанда 20,1 пайызға өскен. Жеті миллионға жуық адамның Ехобаға адал қызмет етіп жүргенін көру неткен тамаша! Тарихта бұрын соңды мұнша Куәгер болған емес. Ал сендерді бұл кестеде не нәрсе әсіресе жігерлендірді?
4. Шомылдыру рәсімінен өту үшін бір адам қандай қиындықтарды жеңген?
4 Бұл сандардың өзі адамға аз әсер етпейтіні сөзсіз, дегенмен олардың артында өз сенімдерін істерімен дәлелдеп жүрген адамдардың тұрғанын ешқашан ұмытпайық. Бір мысалды қарастырайық. Гильермо есімді мәсіхші 1935 жылы Боливияда туып-өскен. Ол тоғыз жасынан бастап кокаин өсіретін плантацияда жұмыс істейді. Ол өзінің ауыр жұмысының тауқыметін жеңілдету үшін бала күнінен бастап кока жапырақтарын шайнай бастайды. Ал кейін бұған ішімдік пен темекі қосылады. Алайда Ехобаның өзінен не талап ететінін біле бастағанда, Гильермо алдымен темекісін, одан кейін ішкілікке салынуын қояды. Бірақ жастайынан әдетке айналған ісін, кока жапырағын шайнауын, тастау оған аса оңай соқпайды. Ол тынбастан дұға ете жүріп, ақырында бұл әдетін де тастайды. Бүгінде ол жаман әдеттерінен айырылған шомылдыру рәсімінен өткен бауырлас ретінде былай дейді: “Қазір мен өзімді таза әрі өте бақытты сезінемін”.
5. Біз нені қалаймыз?
5 Ехоба адамдардың жағдайын шын жүректен ойлайды. Ол бәрінің де күнәларына өкінгенін қалайды (Пет. 2-х. 3:9). Мұны біз де қалаймыз. Олай болса, жүрегіміз таза ниетті адамдарға өзіміз сияқты Ехобаны танып, оны сүюге көмектесе беру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға талпындырсын.